№ 04 (184)
сәуір, 2025г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстандық жұбайлар енді небәрі 3 күнде некеге тұра алады

15.01.2019

Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда неке тіркеу рәсімін 1 айдан 3 күнге қысқарту жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл аса маңызды тарихи оқиға жаңа Қазақстанның дамуына жол ашып, бірегей мүмкіндіктер туғызғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Алматы облысының оқушыларына жол қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді

21.11.2018

Алматы облысының тәртіп сақшылары Жол-көлік апатының құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күніне орай Іле ауданындағы 48 мектеп қабырғасында балалар мен ата-аналардың жиналысын өткізіп, жол жүру ережесі мен оның маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара шамамен 37 мыңнан астам баланы қамтыды. Жиналыс барысында қатысушыларға жол жүру ережесі жазылған ақпараттық материалдар таратылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

11.10.2018

2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Мәскеу биржасы (MOEX) Стратегиялық әріптестік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Алматы қаласында реми қол қою рәсіміне Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев, Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және Мәскеу биржасының Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев қатысты деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы 5 жылда елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады - әкім

18.09.2018
Алдағы 5 жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Бұл жөнінде үкімет отырысында Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөнінде кешенді жоспары бойынша баяндаған елорданың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Мәскеуде өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға кәсіпкерлер шақырылады

03.09.2018

2018 жылғы 17 – 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді, соған қарай Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

 

ЭКСПО-2020 көрмесіне қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы талқыланды

23.08.2018

Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы Қазақстанның БАӘ-дегі сауда-экономикалық миссиясы барысында талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына сілтеме жасап.

Түменде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді

13.08.2018

2018 жылғы 28-29 тамызда Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Түмен облысының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Түмен қаласында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

07.08.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

19.03.2013