Жаңалықтар
Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

Қазақстанда 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқының саны 18 миллион 507,9 мың адамды құрады, халық саны 2018 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 235,5 мың адамға немесе 1,3% -ға өскен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Путин Қазақстанның дарынды балаларын Ресейдің неге әкетіп жатқанын айтты

Ресей мен Қазақстан екі елдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруда күш-жігерін жұмылдыруы керек, ал көршілес елдердің дарынды балаларын мұнда тартып әкелудің қажеті жоқ. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Орал федеральдық университетінің студенттерімен кездесуде айтты деп хабарлайды РИА Новости.
Ердоған Елбасын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маусым айында Нұр-Сұлтан – Улан-Батор әуе рейсі ашылады

Нұр-Сұлтаннан Улан-Баторға қатынайтын тікелей әуе рейсі маусым айының басында ашылады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мамин елордада ірі көлік жобаларының құрылысы барысымен танысты

26 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елорданы жұмыс барысымен аралады, онда Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік–Батыс жаңа айналма автомагистралінің және ЖРТ желісінің құрылысын тексерді. Аталған жобалар елорданың орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық азамат ірі көлемдегі ақшамен шекара аспақ болған

"Алматы" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайда ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ОСК ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтату туралы қаулы қабылдады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтату және Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін Қ.К.Тоқаевқа көшіру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Түркия барлық турлардың бағасын еуроға ауыстыруда және тур пакеттерінің құнын біртіндеп көтеруде

Қазақстан, әлемнің көптеген елдеріндегідей, Түркияға бағытталған барлық турларды еуроға ауыстыруда. Көрші ресейлік туроператорлар мен түрік қонақ үйлері өткен жылдың қараша айында жаппай еуроға ауыса бастады.
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды

Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана алудың ең тиімді құралдарының бірі - Жеңіс Қасымбек

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін және отандық автомобиль жасаушыларды бюджеттік несиелендіру мәселелері бойынша Үкімет Қаулысының жобасы мақұлданды. Аталған мәселеге қатысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек баяндама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Премер-минстрдің сайтына сілтеме жасап.