Жаңалықтар
Келесі аптадан бастап Қазақстандағы бүкіл оқушылар мектепке барып оқиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елімізде 10 мың жас сабаққа бармастан студент ретінде тіркеліп келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында 2021 жылғы іске асқан бастамаларын санамалап, жоғары оқу орындарындағы бассыхздықтармен күрес қалай жүргенін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
BEIJING 2022: Спорт па, әлде саяси ойын ба?

Бүкіл әлем назары қайта Қытайға ауды. Бүгін Beijing 2022 қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Дүние жүзі жіті бақылап отырған ойындардың zero COVID ұранымен өтіп жатқаны баршаға мәлім. Ұйымдастыру комитеті сақтық шараларының өте қатаң болатынын әу бастан ескерткен-ді.
Бейнероликтер байқауы

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті.
Байланыс операторларына 92 млн теңге айыппұл салынды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамту жұмыстарын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда 132 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілді

2021 жылы Алматы қаласында халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 14 миллиард теңгесі жұмсалды, деп жазады Egemen.kz Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтарға алаяқтарға қатысты ескерту жасалды

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тіл үйренуге арналған тегін жобалар

Халықтың мемлекеттік тілді оқыту процесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген келесі порталдар жұмыс істейді.
Мамыр айында Қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр

2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның кейбір заңнамаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Параграф» ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Дәрілік заттардың жарнамасы препараттың тиімділігімен сәйкес болуы керек

Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.