Жаңалықтар
Су тасқыны: Ақтөбе облысында 595 жаңа үй салынады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан болған мал шығынын өтеуге 2,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева айтты.
Орынбор қаласында билік халықты эвакуациялауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 8:00-де 897 см-ге жетті. Су басу қаупі бар аймақта жүрген адамдардың барлығы дереу эвакуациялануға шақырылды.
Торғайда ұялы байланыс қызметі қалпына келтіріліп жатыр
Су тасқыны салдарынан Амангелді және Жангелдин аудандарындағы елді мекендердің көбі ұялы байланыссыз қалған. Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов зардап шеккен өңірлердегі байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
YouTube Premium қызметі енді Қазақстанда қолжетімді
АСТАНА. KAZINFORM – YouTube Premium қызметі енді Қазақстанда қолжетімді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-дағы парақшасында хабарлады.
Ұлттық қордан балаларға төленетін сома қалай қалыптасады
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша төлем сомасының неге байланысты болатындығына қатысты сауалға жауап берді.
Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Intuitive Machines аэроғарыштық компаниясы жасаған Айға қону аппараты 15 ақпанда NASA-ның Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан көтерілді. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.
Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
«Барыс» бүгін «Лада» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктердің болжауынша, Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Онда ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат ұсынылған. Барлығы 1000-нан астам еңбек бар, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.