№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды

16.02.2024

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Intuitive Machines аэроғарыштық компаниясы жасаған Айға қону аппараты 15 ақпанда NASA-ның Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан көтерілді. Бұл туралы  «Америка дауысы» жазды. 

Бұл жарты ғасырдан астам уақыттан бері Айға қонған алғашқы американдық ғарыш кемесі және жеке компанияға тиесілі тарихтағы тұңғыш ғарыш кемесі болады деп күтілуде.

Odyssey деп аталатын Nova-C қондырғышы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 1-де (Астана уақыты бойынша 12-де) Илон Масктың SpaceX компаниясы жасаған Falcon 9 зымыранының бортында ғарышқа ұшып кетті.

Биіктігі 25 қабатты ғимараттың биіктігіндей екі сатылы зымыранның ұшыру алаңынан көтеріліп, Флориданың Атлант мұхиты жағалауында қараңғы аспанға ұшып бара жатқанын NASA мен SpaceX тікелей эфирден көрсетті.

Бастапқыда ұшыру 14 ақпанға жоспарланған болатын, бірақ құрылғының қозғалтқыш жүйесінде қолданылатын сұйық метанның қалыпты температурасына байланысты ол 24 сағатқа кешіктірілді.

SpaceX бұл мәселе кейінірек шешілгенін хабарлады.

 

Фото: golosameriki.com