№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

«TOM: Almaty»: Жас өнертапқыштар инновацияларын ұсынды

29.05.2024

Сәтбаев Университеті алаңында мейкатон «ТОМ: Almaty» жобасы аясында жасалған прототиптердің тұсаукесері өтті. Алматы, КөкшетауҚарағанды ​​және Шымкенттен келген жеті команда ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнап жасаған инновациялық әзірлемелерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Командалар ұсынған прототиптер тізімі:

  • Мүгедектердің механикалық арбасына арналған велоқондырғы;
  • Балаға арналған арнайы өлшемді жеке ортез;
  • Балаға арналған арнайы өлшемді вертикализатор;
  • Аяқты қалыпқа келтіруге арналған тренажер «NK-Motion simulators»;
  • ДЦП диагнозы бар балаларға арналғангоризонталды скалодром;
  • Тізе тамырларын жетілдіруге арналған тренажер;
  • ДЦП диагнозы бар балалардың қол саусақтарының бүгілуін қалыпқа келтіретін қолғап.

Мейкатон – бұл таптырмайтын бірегей платформа, мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгеньөнертапқыштар 72 сағаттық үздіксіз жұмыс барысында ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін прототиптер жасайды. Жоба екі кезең нентұрадыБірінші кезеңде өнертапқыштар прототип жасайтын адамдармен танысадыОлардың өлшемдерін алыпөзара байланыс орнатып, ішкі тілек-ниеттерін анықтайды.

24-27 мамыр аралығында өткен екінші кезеңде командалар прототип үлгілерін жасап, өміршеңдік қабілет беретін құрылғыларды іске қосып, қазылар алқасына ұсынды.

Мейкатон жеңімпаздары:

  • 1-орынДЦП диагнозы бар балаларға арналғангоризонталды скалодром жасаған «Unimates»командасы.
  • 2-орынБалаға арналған арнайы өлшемді вертикализатор жасаған «НЕискусственныеинтеллекты» командасы.
  • 3-орынБалаға арналған арнайы өлшемді жеке ортез жасаған «Augmentation team» командасы.

Барлық жеңімпаз командалар Sulpak сауда белгісінің түрлі номинациядағы сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Ал қалған командалар Сәтбаев Университеті атынан сыйлық ретінде HP брендінің мониторлары мен принтерлерін алды.

«TOM: Almaty» мейкатон жобасы биыл он бесінші рет өткізіліп отыр. Бұл жобаның бірлескен ұйымдастырушысы және командаларға сараптамалық қолдау көрсеткен «ДОС Ортопедия» командасы да жобаға қосылды.

Фото: Сәтбаев Университеті