Жаңалықтар
Орынбор қаласында билік халықты эвакуациялауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 8:00-де 897 см-ге жетті. Су басу қаупі бар аймақта жүрген адамдардың барлығы дереу эвакуациялануға шақырылды.
«Сағат 10:40-та Орынборда сирена дауысы естілді. Облыс орталығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 08:00-де 897 см-ді құрап отыр, су басу қаупі бар аймақта жүргендердің барлығы дереу эвакуациялануы тиіс», - делінген Орынбор мэриясы таратқан хабарламада.
Билік өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағында Жайық және Сакмара өзендері алқаптарында орналасқан саяжайлар бар: Куйбышев атындағы кент ауданында орналасқан бау-бақша серіктестігі, Протопоповская, Зауральная тоғайларында, Овчинная қалашығы, Дубки және Дубовый Плес, Сакмара өзені жанындағы бау-бақша серіктестіктері, сондай-ақ Форштадт аудандары, Кузнечный, Ситцовка, Пристанционный, Заречный, Подмаячный, Солнечный кенттері, Овчинный қалашығы және Куйбышев кенті.
Фото: Егор Алеев/ ТАСС