№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

1500 домбырашы күй тартты

03.07.2023

Арқалық қаласында өткен «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік іс-шарада бір мезетте 1500 домбырашы күй тартты. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің

Ұлттық домбыра күніне орай, қала­ның ор­талық стадионында арнайы сахна құ­рылып, ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Ал қатарынан 7 күй орындап, қала тұр­ғын­дарының ыстық ықыласына бөленген мың жарым домбырашының ішінде әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшылар, мамандар, студенттер мен мектеп оқушылары бар.

Мың жарым адамдық оркестрдің ең жас мүшесі – 7 жасар Айзере Сахан. Ал ең қарт домбырашы – бүгінде жасы тоқсанға аяқ басқан Арқалықтың құрметті азаматы Кәки Ақан ақсақал. Мерекелік оркестрдің құрамында бір ғана Бөлтіріковтер әулетінен отыз адам өнер көрсеткенін де айта кету керек.

Іс-шара барысында өнерпаздардың киі­мін, аспабын алып беріп, демеушілік жа­са­­ған меценаттарға құрмет көрсе­тіл­ді.

Ең қызығы, мерекеде өнер көрсеткен 1500 домбырашының 70 пайызы бұған дейін домбыра тартып көрмеген болып шықты. Олар ұлттық аспапты домбыра күніне дайындық барысында үйреніпті.

Арқалық кешін күмбірімен тербеген күй керуені таяуда ғана өткен «Домбыра – думан» аймақтық домбырашылар байқауының гала-концертіне ұласты. Іс-шараның соңында Арқалыққа арнайы шақырылған Қуандық Рахым, Шаһаризат Сейдахмет, Динара Жаңа­бергенова сынды эстрада әншілері ән шырқады.

 

Қостанай облысы