Жаңалықтар
Валюта айырбастау орындарында теңге бағамы нығайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471-479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-476 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар бағамы 475-479 теңге аралығында құбылып тұр.
18 тамыз күнгі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 476,01 теңге болған.
Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,94 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.