№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Президент алтын мен валюта әкетуге тыйым салатын жарлыққа толықтыру енгізді

13.06.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағынан алтын мен шетел валютасын әкетуге қатысты жарлығына толықтыру енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін баспасөз беттерінде Президенттің арнайы Жарлығы жарияланды.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының қаржы лық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы Жарлықтың 1-тармағының талаптары:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операцияларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына;

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан əкелінген жəне қайта өңдеу шарттары туралы құжат жəне мемлекеттік бақылау актісі негізінде «кері экспорт» кедендік рəсімімен мəлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған аффинирленген алтынды əкетуге;

3) Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен əкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) əкетуге;

4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес жəне (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын əкетуіне;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданылмайды деп белгіленсін».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым

№ 923

Еске сала кетейік, 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы қаулыға қол қойған еді.

Аталған қаулыда ҚР Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын; Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған еді.

https://lenta.inform.kz/