№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Жоғарғы сот тұрғындардың құқықтық сауатын арттыратын жоба бастады

10.06.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында жаңа жобаны қолға алды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақасов мәлімдеді.

«Елімізде әртүрлі жағдайларға байланысты басы дауға қалған азаматтар қатары артпаса, кеміген жоқ. Әсіресе, алаяқтар мен қаржы пирамидаларының құрбандары көбеюде. Осы ретте Жоғарғы сот азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында SOT LIVE атты жаңа YouTube жобасын іске қосты», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Жаңа жобаның алғашқы 2 шығарылымы Түркістан қаласында түсірілген. Онда аймақтағы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтанов қаржы пирамидасын құратын алаяқтардың айла-шарғылары, осындай істерді қарау ерекшеліктері мен олардың қақпанына түспеудің жолдары туралы әңгімелейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Президентке ақталып шыққан адам саны 7 есе өскенін баяндаған болатын

https://lenta.inform.kz/