№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Мүгедек балалары бар ата-аналарға қосымша еңбек демалысы берілмек

30.05.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде мүгедек балалары бар ата-аналарға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беруді көздейтін заңнамалық түзетулер қарастырылып жатыр. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмысшылармен еңбек, ұжымдық келісімшартпен қосымша ақысы төленетін жылсайынғы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін. Осылайша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмысшыға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беру мәселесін тараптар еңбек, ұжымдық келісімшарт аясында шеше алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан ол жұмыс берушілермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге заңнаманы жетілдіру, Әлеуметтік кодекс әзірлеу аясында қаралатын болады.

«Бұған қоса, бүгінде Үкімет, жұмысшылардың республикалық бірлестігі және жұмыс берушілер арасындағы бас келісім жүзеге асырылып жатыр. Онда келісім және ұжымдық келісімшарт аясында әйелдердің, жастар мен мүгедектердің негізгі құқықтары мен кепілдерін жүзеге асыруға жұмыс берушінің жағдай жасау көзделген»,- деді Ералы Тоғжанов.

https://lenta.inform.kz/