Жаңалықтар
Қазақстандықтарға анықтамасыз елге оралуға рұқсат береді
Шетелдегі Қазақстан азаматтары елге ПТР анықтамасыз орала алады. Бұл шешім туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
\"ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар\", - делінген хабарламада.
Мұндай жағдайда ҚР-ға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатынын айтты.
ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.