№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Өткен тәулікте пневмонияның 37 және 2 өлім жағдайы тіркелді

05.10.2020
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 608, 360 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 507 жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

© egemen.kz