№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Назарбаев Тоқаевтың жұмысына араласып жүрген жоқ - Дәурен Абаев

18.10.2019

ҚР Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында Қазақстандағы "қос билік" қауесеті жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы мәселе арқылы халықты дүрліктіргісі келетіндер бар.

 "Бірқатар анонимдік каналдар Қазақстандағы "қос билік" тақырыбын әдейі таратты. Мұндай ресурстардың асыра сілтеп, өтірікті шындай етіп көрсеткісі келетіні түсінікті. Елбасы өз мәлімдемесінде бұл жорамалдарды жоққа шығарды", - деді министр.

Министр Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінен бірнеше тұжырым шығаруға болатынын айтты.

 "Біріншіден, Елбасы Президент жұмысына араласпайды. Мұның барлығы конституциялық нормалармен межеленген. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес, оның өз басқару стилі, өз көзқарасы бар. Сондықтан, жаңа Президент өз жұмысында жаңа формат қолданған сайын "қос билік" туралы шу көтерудің қажеті жоқ. Үшіншіден, Елбасының өзі де, Қасым-Жомарт Кемелұлы да маңызды мәселе жөнінде кеңесіп отыратындарын айтты. Не дегенмен, Нұрсұлтан Әбішұлының табысты ел басқарудағы тәжірибесі мол. Оған өзге мемлекеттердің де көшбасшылары кеңес сұрап жүгінеді, мұны мен анық білемін", - деді Д.Абаев.

 Айта кетейік, 11 қазанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "қос билік" туралы қауесетке негіз жоқ екенін мәлімдеген болатын.

 "Мұндай тұжырымға еш негіз жоқ, себебі Қазақстан президенттік басқару формасы бар унитарлы мемлекет. Мен жол көрсетемін, өздері кеңеседі, кеңес беремін, сұрамаса – кеңес бермеймін (күлді). Өз Отаныма, өз еліме қызмет етуді жалғастырып келемін", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев журналист сұрағына.