№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Алматыда Сергей Безруков сотталды

15.10.2019

Алматыда ресейлік танымал актердің аттасы - Сергей Безруковқа үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, бұрын да істі болған 44 жастағы Безруков ұрлық жасады деп айыпталған. Ол бір ретінде 150 000 теңге тұратын көлік доңғалақтарын ұрлап ұсталса, екіншісінде бір үйдің жертөлесіне жасырын кіріп, дәнекерлеуші аппарат, құрал-сайман жабдығы, монтаж жасайтын құрал, бұрғылағыш, электр ара, электрлі шүріп бұрағыш, ток жалғағыш сынды саймандарды ұрлап әкеткен. Жалпы шығын көлемі - 197 500 теңге.

Ресейлік актердің аттасы өз кінәсін толықтай мойындады. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның іс-әрекеттері рецидив деп танылды.