№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Маусым айында Нұр-Сұлтан – Улан-Батор әуе рейсі ашылады

30.05.2019

Нұр-Сұлтаннан Улан-Баторға қатынайтын тікелей әуе рейсі маусым айының басында ашылады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қазақстандық Scat әуе компаниясы 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан – Улан-Батор бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашады, – деді Смадияров брифинг барысында.

 Оның сөзінше, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жаңа халықаралық рейстің ашылуы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, туризмнің дамуына ықпал етеді, екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы іскерлік ынтымақтастықты тереңдетеді.

           – Әуе рейсі әр бейсенбі және жексенбі күндері Boeing 737 кемесімен орындалады. Ұшу уақыты бір бағытта 3 сағатты құрайды, – деп атап өтті СІМ ресми өкілі.