№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстандық азамат ірі көлемдегі ақшамен шекара аспақ болған

18.04.2019

"Алматы" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайда ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-Пекин" бағытымен ұшқалы тұрған HU – 7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Оған, тексеру барысында аталған азаматтан табылған, кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге себеп болды", - деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.

 

Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, "Жетісу" кеден бекетіне тапсырылды.