№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

15.08.2019

Қазақстанда 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқының саны 18 миллион 507,9 мың адамды құрады, халық саны 2018 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 235,5 мың адамға немесе 1,3% -ға өскен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті күнге сай, қалаларда 10 млн 816,6 мың адам, немесе жалпы халықтың 58,2% тұрады, ауылдарда – 7 млн ​​726,3 мың адам немесе 41,8% тұрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 11,3% -ға азайды, кеткендер саны 16,9% -ға өсті. Елдің негізгі көші-қоны ТМД елдері арасында жүреді. ТМД елдерінен келген-кеткендердердің үлесі тиісінше 82% және 90,6%.

Ел ішінде қоныс аударғандар саны 22,7%-ға артты. Аймақаралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт аймағында – Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650) және Нұр-Сұлтан (14 104) қалаларында байқалды.