Жаңалықтар
Мәнізоров ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушыларының 8-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Мәнізоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Оның әрекеті 190 баптың 4 бөлігі, 2-ші тармағына сәйкес, қызметтік жағдайды пайдалану арқылы жасалған ірі көлемдегі алаяқтыққа сәйкес келеді, - деді Бектенов.
Оның айтуынша, тергеушілер прокуратураға Мәнізоровты үй қамауында ұстау арқылы бұлтартпау шарасын қолдануға өтініш жолдады.
- Тергеу мүддесі бұдан өзге ақпарат жария етілмейді, - деді Бектенов.