Жаңалықтар
Түркия барлық турлардың бағасын еуроға ауыстыруда және тур пакеттерінің құнын біртіндеп көтеруде
Қазақстан, әлемнің көптеген елдеріндегідей, Түркияға бағытталған барлық турларды еуроға ауыстыруда. Көрші ресейлік туроператорлар мен түрік қонақ үйлері өткен жылдың қараша айында жаппай еуроға ауыса бастады.
Осыған байланысты Қазақстанда 1 қаңтардан бастап Түркиядағы жазғы маусымдағы сапарлар құны қонақ үй класына байланысты 10-нан 20 пайызға дейін көтерілді. Бірақ, туристер бұл өзгерістерді тек жазғы демалыстарда ғана ерекше сезінетін болады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
"Туристік Қамқор" Корпоративтік қорының бапасөз қызметінен хабарлағандай осылайша, қазір Түркиядағы демалыс құны долларға емес, еуроға бағынышты болып қалды. Төлем бұрынғыдай теңгемен жүргізіледі, бірақ содан кейін еуроға аударылады.
Есеп айырысу валютасын өзгертудің негізгі себептерінің бірі - саяси аспект. Алайда, ресми себеп ретінде, көптеген түрік қонақ үйлерінің еуропалық нарыққа сәйкестендіріліп, еуроның есептеу валютасы ретінде "тұрақты және жұмсақ" болуымен түсіндірілуде.
Былтырғы бағалар бойынша туристік жолдамаларды сатып алу ертерек брондау акциялары барысында ғана мүмкін болды, яғни 1 наурызға дейін. Осыған дейін "Туристік Қамқор" компаниясында хабарлағандай, Қазақстан үшін бәрінен де демалуға лайықты елдер арасында Түркия бірінші орынға шыққан еді (2018 жылы 148 мың қазақстандық турист демалған). Барлығы өткен жылы шетелде 343 мың қазақстандық демалып қайтты.
Түркиямен тек Мысыр бәсекелесе алады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың арасында ең танымал екінші ел - фараондар елі болды - 104 мың отандық турист демалып қайтты.
Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей Наурыз мейрамы кезінде жақын маңдағы елдерге барып демалуды ұсынады. Өйткені, жол әрдайым қосымша қиындық туғызатыны анық.
"Көктемгі мереке - Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізетін керемет орындар ретінде Өзбекстан мен еліміздің оңтүстігіндегі Шымкентті ұсынар едім. Бұл екі жерде де көктемгі мереке аса жоғары деңгейде аталып өтеді. Еш өкінбейсіздер, оның үстіне ауа райы да өте қолайлы болмақ. Бірақ, егер біраз демалыс күндерін алып, көбірек демалуға мүмкіндік болса, Араб Әмірліктері мен Египетте жайбарақат бой жазып, денсаулығыңызды түзеп, теңіз суына шомылуға не жетсін", – деді И.Рей.
"Туристік Қамқор" жолдаманы сатып алмас бұрын, ең бастысы, турагенттен ТУРКОДТЫ талап етуге кеңес береді.
Еске сала кетейік, шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – "Туристік Қамқор" корпоративтік қор (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 645 мың ТУРКОД берді және олардың барлығы демалып, аман-есен елге оралды.
ТУРКОД деген не? Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде көмекті күтеді.