№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Алдағы 5 жылда елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады - әкім

18.09.2018
Алдағы 5 жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Бұл жөнінде үкімет отырысында Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөнінде кешенді жоспары бойынша баяндаған елорданың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Игеру аумағының шекаралары 25 700 га 15 400 га дейін оңтайландырылды және 5 перспективалы құрылыс салу аймағы анықталды. Халықтың көші-қон және туу көрсеткішінің өсуі есебінен халық санының жыл саын орташа есеппен 2,5% ұлғаюы күтіледі және 2030 жылға қарай шамамен 2 млн тұрғынға жету жоспарлануа. Болжам бойынша экономика өсімінің жыл сайынғы қарқынының 4%-тен 6%-ке дейін өсу нәтижесінде 2023 жылға қарай елорданың жалпы өңірлік өнімі 70% құрайды және 10 трлн теңгеден асады», - деді қала басшысы.

Сұлтановтың айтуынша, алдағы төрт жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 216 мыңнан асып, 37% астам өседі және өңірлік жалпы өнімде ШОБ үлесі 2023 жылы 57% дейін артатын болады.

«Экономика мен салық салынатын база өсімінің күтілетін қарқыны жергілікті бюджет кірісінің 43,7%, 355 млрд теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді. Астана қаласынан республикалық бюджетке жыл сайынғы түсімі 14%, 2018 жылғы 823 млрд теңгеден 2023 жылы 1 трлн теңгеге жақындайтын болады. Сонымен қатар, алдағы 5 жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Осылайша, 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4-5 теңге жеке капитал салынатын болады. Өз кезегінде, бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның кеңеюіне, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының өсіміне мүмкіндік туғызады. Аумақтарда белсенді құрылыс салу 2023 жылға дейін шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй енгізуді қамтамасыз етеді. Көліктендіру деңгейінің 8-9% дейін жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 жол айрығын, 3 көпір, 1 жол өтпесін, 1 тоннель салу және 1 айналма жолды аяқтау жоспарлануда», - деп бөлісті Сұлтанов.

Әкімнің айтуынша, бас қалада көлік қаңқасын құру елорда жолдарында көліктік коллапстың туындауына жол бермейді және қаланың негізгі көшелеріндегі жүктемені 50% төмендетуге мүмкіндік береді.