2018 жылғы 17 – 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді, соған қарай Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып, біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.
2018 жылғы 17 – 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді, соған қарай Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және ресей кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екі ел арасында іскерлік байланыс орнату.
Миссияның бағдарламасында: сауда-экономикалық форумға қатысу, Мәскеудің мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен іскерлік кездесу, Ресейдің кәсіпкерлері мен ұйымдарының өкілдерімен іскерлік байланыс жоспарланып отыр.
Кәсіпорынның Ресейге іскерлік сапармен баруы үшін + 7 778 185 24 64 нөміріне хабарласыңыздар.
Бүгінгі күнге миссияға тамақ, химия және электротехника салаларының компаниялары «Алматинский продукт» ЖШС, Goldman and Young» ЖШС, «Аманат» СҮ, «МПЗ БИЖАН» ЖШС, «Лепсинск Өнімі» ЖШС, «Жаркент Фрукт» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, «Енсепова М.Б.» ЖК, «ДЕП» ЖШС және «ЭТО» ЖШС өз қатысуын растады.