№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

ЭКСПО-2020 көрмесіне қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы талқыланды

23.08.2018

Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы Қазақстанның БАӘ-дегі сауда-экономикалық миссиясы барысында талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Дубайдағы Елшілігі, «Атамекен» ҰКП, Сыртқы сауда палатасы миссияның ұйымдастырушысы болып табылды. Құрамына машина жасау, құрылыс, жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласындағы 12 ірі тауар өндіруші кірген қазақстандық делегацияны ҚР-ның Дубайдағы және Солтүстік Әмірліктердегі Консулы Мадияр Меңілбеков басқарды.

БАӘ тарапынан мұнай және газ, құрылыс саласындағы 40-тан астам кәсіпорын, лизингтік және жекеменшік көлік компаниялары, бірқатар сауда желілері қатысты. Араб бизнесін ет, бал, металл конструкциялар, мұнайды, газ бен суды дайындауға арналған жабдық және Қазақстанда жасалған өзге де тауарлар импорты қызықтырды.

Петропавл металл конструкциялар зауыты мен ЭКСПО-2020 өкілдері арасында келіссөздер сәтті өтті. «ГММОС Казахстан» ЖШС, «Топан» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдығының зауыты» АҚ қызметкерлері Dragon Oil ірі мұнай компаниясының өкілдерімен кездесті. Ал «Green Shop», «Sun Bee Altai», «ДК Premium» және Қазақ тамақтану академиясы жанындағы «SHARMAN» ұлттық дұрыс тамақтану орталығының өкілдері БАӘ-нің «Carrefour», «Lulu» және «Union Coop» ірі сауда желілеріне барды.

https://baq.kz/kk/news/ekonomika/ekspo2020_kormesine_kazakstandik_kasiporindardin_katisui_talkilandi_20180823_115500