Жаңалықтар
Түменде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді
2018 жылғы 28-29 тамызда Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Түмен облысының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Түмен қаласында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара бағдарламасында Қазақстан Республикасы мен Түмен облысының ресми тұлғаларының және іскерлік қауымдастығының сауда-экономикалық қатынастарды, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға арналған сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, әлеуетті әріптестерді іздеуге, миссияға қатысушылардың ресейлік кәсіпкермен тікелей байланысын орнатуға және өңірлер арасындағы іскерлік байланысты дамытуға арналған B2B келіссөздер жүргізіледі.
Миссияға машина жасау, химия, құрылыс және тамақ саласының қазақстандық компаниялары қатысады.
Іс-шара өтетін орын: Түмен қ., Советский к-сі, 20-үй, «Евразия» бизнес-отелі, «Континенталь» конференц-залы.
Толығырақ ақпаратты Әйгерім Мұстафинадан (+7-701-785-85-75, e-mail: aemustafina@gmail.com) нақтылап алуға болады.