Жаңалықтар
Игілікті істің іздері
Бейсенбі, 5 Қаңтар, 2012
Облыста жылды жемісті қо¬ры¬тындылаған кәсіпорындар¬дың алдыңғы қатарындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ме¬желенген 6180 мың тонна орнына 6200 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізді. Мұндай табысқа Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені де…
қомақты үлес қосты. Кешен директоры Тоқ¬тар Ашықбаевтың айтуынша, мұнда 2011 жылы жоспардағы 200 мың тонна орнына 208 мың тонна сұйытылған, облысқа берілетін тиісінше 2673 млн. текше метр орнына 2700 млн. текше метр өңделген мұнайға ілеспе газ өндірілді. Ақтөбе өңірінде он төрт жылға жуық уақыт жұмыс істеп жатқан акционерлік қоғамның негізгі ірі өндірістік буыны болып табылатын кешенде ірі индус¬триялық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Ол №3 газ өңдеу зауытын толық қуатында іске қосу болып табылады.
Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені де түлеген тәуелсіз елі¬міз¬бен бірге ілгеріге іркіліссіз қа-дам жасауда. Бір сәт кәсіп¬орын тарихына көз салсақ, ша¬ғын газ өңдеу цехынан бастау алған кешеннің келешегі кемел, бо¬лашағы зор өндіріс орны еке¬нін аңғарамыз. №1 газ өңдеу зауыты 1984 жылы пай¬да¬ла¬нуға бе¬рілді. 2000-2003 жылдары бұл зауыт 5,5 миллион дол¬ларға қайта жарақтандырылды. Қайта жарақ¬тан¬дырылған зауыт¬тың жылдық қуаты 3 миллион тонна мұнай, 800 миллион текше метр көмі¬р¬су¬текті газ, 18,6 мың тон¬на күкірт өндіруге ғана жете¬тін-ді. Уақыт өте келе мұнай өн¬ді¬рудің артуына байланысты бұл қуат аздық ете¬тіні байқалды. Сөй¬тіп, 2003 жылы жылдық қуа¬ты 2 миллион тон¬на тауарлы мұ-най, 1400 миллион тонна көмір¬су¬текті газ, 48,5 мың тонна кү¬кірт, 60,0 мың тонна сұйытылған газ өндіруге мүм¬кін¬дік беретін №2 газ өңдеу зауыты іске қосылды. 2007 жылы пай¬да¬лануға берілген №3 газ өңдеу зау¬ытының бірінші кезегінің жыл¬дық қуаты 2,0 миллиард текше метр тауарлы газ, 54,0 мың тонна күкірт, 156,0 мың тонна сұйы¬тылған газ, 99,0 мың тонна же¬ңіл мұнай өндіруге есептелген.
Бұл зауыттың екінші және үшінші кезегін пайдалануға беру биылғы жылдың еншісіндегі шаруа десек, осы екінші және үшінші кезектері іске қосылғанда бұл зауытта жылына 6,0 миллиард тонна тауарлы газ, 182,0 мың тонна күкірт, 474,0 мың тонна сұйытылған газ, 1031,0 мың тонна конденсат, 221,0 мың тонна жеңіл мұнай өндірілетін болады. Сондай-ақ, бұл жоба салынып жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы еліміздің оңтүстігін ілеспе арзан газбен қамтамасыз ету мәселесін шешуге алғышарт жасайды.
«30 корпоративтік көшбас¬шы» жобасына енгізілген №3 зау¬ыт¬тың бірінші кезегі де қысқа мерзімде іске қосылды. Оған ак¬ционерлік қоғам 474 миллион доллар инвестиция сал¬ды. Зауытта «Parsons Me¬richem» ком¬па¬ниясының осы заманғы же¬тіл¬дірілген газ тазарту қон-дыр¬ғылары, процес¬тер¬ді бас¬қа¬ру¬дың жоғарғы сапалы DCS автоматты жүйелері және АҚШ-тың компрессорлық қондыр¬ғы¬лары пайдаланылады. Сон¬дық¬тан да мамандар түр¬лі қайта даяр¬лау курстарынан өтіп, шеберліктерін жетіл¬ді¬ріп отырады, жас мамандар Қытайда, Ресейде тәжірибеден өтеді. Жал¬пы, №3 газ өңдеу зауыты толық қуатына шыққанда ке¬шеннің жылдық қуаты 8 миллиард текше метр тауарлы газ, 1 миллион тонна конденсат, 470 мың тонна сұ¬йы¬тылған газ өндіруге мүмкіндік бере¬ді. Жобаны жүзеге асыру барысында құны 37 миллион АҚШ доллары тұратын өнімділігі 45 МВт газ-турбиналы станса, зауыт¬қа барлау блогынан аралас газ жеткі¬зетін 45 шақырымдық құ¬быр, сы¬ғымдау компрессорлық стан¬сасы, «Жаңажол-КС-13» магистралды газ құбыры пайда-лану¬ға берілді. Бұл осы магис¬тралды құбыр бо¬йындағы бір¬талай елді мекеннің көгілдір отынның игілігін көруі¬не жол ашты. Сондай-ақ, таза¬лан¬баған газды жер асты қой¬науына айдайтын газ лифтілік қондырғы іске қосылды. Бұл стансаның іске қосылуы жер асты қойнауының қысымын тұ¬рақ¬тандыруды қам¬та¬масыз етеді. Сондай-ақ өнім¬ділігі тәулігіне 7000 текше метрді құ¬рай¬тын мұнайға ілеспе суды қайта жер асты қойнауына беру үшін тазалап беретін қондырғы іске қо¬сыл¬ды. Бұл қондырғыдан шық¬қан су сапасы технология-лық талаптарға сәйкес тазаланады.
Бұрындары ауада жағылып келген газдың көлемі анағұрлым қысқарды. Ауада жағылатын газ көлемі 2007 жылмен салыс¬тыр¬ғанда, бес есеге жуық азайған. Тиісінше ауаға шығарылатын зиянды заттар да осыншама кеміді. №3 зауыттың екінші және үшін¬ші кезектері толық іске қосыл¬ғанда алауды ауыздықтауға толық мүмкіндік туады, тек газ ауада технологиялық қажеттілікке аз мөлшерде ғана жағылатын болады. Бұл өз кезегінде мұнайға ілеспе газды толық өңдеуге, ауаға шығатын зиянды заттарды азай¬туға, экологиялық жағдайды жақ¬сартуға, өндірілетін өнімдер сапасын арттыруға, өңірдегі кәсіп¬орындар мен тұрғындарды арзан көгілдір отынмен қамтамасыз ету¬ге, өнімнің әлемдік рынокқа шығуына алғышарт жасайды.
Қазір Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде 1559 адам еңбек етсе, соның 237-сі №3 газ өңдеу зауытының бірінші кезегінде жұмыс істейді. Зауытта оператор болып жұмыс істейтін Ерсайын Орыналин, газ дайындау цехы бастығының орынбасары Айболат Нұғыманов сияқты еңбек озат¬тары көптеп саналады. Ин¬дустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енген жоба жү¬зе¬ге асқанда көптеген жаңа жұ¬мыс орындары ашылады деп күті¬луде. Сонда ұйымшыл ұжым¬ның қатары бұдан гөрі де толыға түседі. Сондықтан да бұл №3 зауыттың екінші кезегінің іске қосылуына акционерлік қоғам ғана емес, осы өңірдің тұрғын¬дары да мүдделі.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.