Жаңалықтар
Жаңа жылдық шырша шаттығы
29 Желтоқсан, 2011, Астанадан – Дастан КЕНЖАЛИН.
Кеше Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында Қазақ¬стан Республикасы Прези-денті¬нің атынан жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырыл¬ған балаларға арналған Жаңа жыл¬дық шырша өтті.
Осында балаларды Елбасы Нұр¬сұлтан Назарбаев LED-дис¬плейдегі экран арқылы келе жат¬қан Жаңа жылмен құттықтап, мол бақыт, зор денсаулық, оқуда озат болуға тілектестігін білдірді. «Қымбатты балалар, бүгін бай¬тақ еліміздің барлық өңірінде өне¬гелі балалар Жаңа жылдық шыр¬шаның айналасына жинал¬ды. Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мен сендерді, сендер арқылы барша қазақ¬стан¬дық балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Биыл Қазақстанның Тәуел¬сіз¬ді¬гіне 20 жыл толғанын білесіздер, сондықтан бұл жыл баршамыз үшін айрықша жыл болды. Тәу¬ел¬сіздік арқылы біздің ұлы Ота¬ны¬мыз жылдан жылға өркендей түсуде. Қазір дүние жүзі Қазақ елін құрметтейді. Сендер осын¬дай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болың¬дар. Бұған елімізде барлық мүм¬кіндік бар. Жасампаз істердің бар¬лығы сендердің жарқын бола-шақтарың үшін жасалып жатыр», – деді Президент Н.Назарбаев.
Одан әрі балалар шыршаның айналасында әлемнің әртүрлі ха¬лықтарының – қазақ және орыс, ағылшын және швед, неміс және француз, түрік және дат ертегі¬лері¬нің кейіпкерлерімен бірге бақыт формуласын іздеуге ты¬рысты. Онда бүлдіршіндерге Аяз Ата мен Ақшақар бақыт фор¬му¬ласының 11 әріптен тұратынын айтып, сол сөзді шешу үшін бай¬қаулар мен сөзжұмбақтар өткізді. Сөйтіп, балалар мерекелік шара барысында бақыт формуласын тапты. Ол формула – «Тәуел¬сіз¬дік – алтын бесігім» деп аталды.
Кеш соңында балаларға Елбасы атынан сыйлыққа жеке ноутбуктер, «Бал-бала» ұлттық ойыншықтар, «Дарын» респуб¬ликалық орталығының кітап¬та¬ры, тәтті сыйлықтар мен жұмсақ ойыншықтар табыс етілді. Осы жерде балалармен бірге шараға қатысқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева бізбен әңгімесінде Жаңа жылдық шыр¬шаға балалар үйлерінен 200-ден астам тәрбиеленушінің қатыс¬қанын, мұндай мерекелік іс-шара Жаңа жылға дейін қаланың әр жерінде жалғасатынын айтты. Сонымен бірге, ол қалада мың¬нан астам Жаңа жылдық шыр¬шалардың өткізіліп, оған 50 мыңнан астам баланың қатысып жат¬қанын жеткізді.
«Жаңа жыл қарсаңында ба¬ла¬лардың бәрі мерекелік шарадан тыс қалмайды. Астана қала-сының әкімдігі демеушілердің көмегімен барлық бүлдір¬ші¬н¬дер¬дің, әсіресе, жетім, ата-ана қам¬қорлығынан айырылған, тұр¬мы¬сы төмен отбасынан шыққан ба¬лалардың көңілін табу үшін бәрін жасайтын болады», – деді ол.
Ал біздің Жаңа жылдық шыршаға қатысқан 200-ден астам баланың ішінде өзге этнос өкіл-дерінің 16 бүлдіршінінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қазақ¬ша тақпақтар мен әндерді нақы¬шына келтіре орындағаны қуант¬ты. Олардың бәрі №63 балалар үйінің тәрбиеленушілері екен.
Алматыдан – Айнаш ЕСАЛИ.
Кеше Алматыдағы Қабылдау үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назар¬баевтың атынан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына, оқу озаттарына және әр түрлі бай¬қаулардың жеңімпаздарына ар¬налған дәстүрлі Жаңа жылдық шырша болып өтті.
Биыл осымен 12-рет ұйым¬дас¬тырылған шыршаға 150 бала қатысты. Балаларға театрдың, кино мен эстраданың ең үздік әртіс¬терінің қатысуымен арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Олар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақ¬шақар-ға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері – Алдаркөсе мен Жиренше, Рапунцель, Жалмауыз кемпір, сондай-ақ келе жат¬қан Айдаһар жылының символы бүл¬дір¬шіндермен бірге әлем халық¬та¬ры¬ның түрлі ойындарын бірге ойнап, бәйгеге қатысып, халық билерін биледі. Балаларды 2012 жылмен сондай-ақ танымал әртістер Алишман, Emotion және «Орда» топтары құттықтап, думанды мерекенің ажарын ашты.
Мерекелік шыршаның басталуында арнайы жазылған бейнетаспа арқылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шыршаға жиналған балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құт¬тық¬тап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулерін тіледі.
Мерекелік ойын-сауық бағдарлама¬сы¬нан кейін әр бала Елбасы атынан сыйлықтар алды.
Ақтөбеден – Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
«Тәуелсіздік – алтын бесік» деген атпен «Атамекен» демалыс орталы¬ғын¬да ұйымдастырылған Президент шыр¬ша¬сына біздің облыстың 200 баласы қатысты. Олар — 9-13 жас ара¬лы¬ғындағы үздік оқитын, үлгілі, тәртіпті жетім, ата-анасының қамқор¬лы¬ғын-сыз қалған, мүгедек және аз қам¬тылған, көпбалалы отбасылардың балалары.
Қызылды-жасылды шамдары жар¬қылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар Тәуелсіз Қазақстанның құр¬да¬сы Алтын батыр мен Ақшақарды қо-шеметпен қарсы алды. Көңілді топтың ажарын Алдар Көсе де толтырды. Бұдан соң оқушылар ертегілер елінің қонақ¬тарымен бірге республикамыздың әр өңіріне саяхат жасады.
Балдырғандар Аяз Атаны ерекше ықыласпен қарсы алды. Мерекенің бас кейіпкері бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бұдан соң балалар бір-бірінің қолдарын ұстап, шыршаны айналып ән салды, әуен ырғағымен биледі. Бұдан кейін көңілді топ Жаңа жыл «иесі» – Ұлуды қошеметпен қарсы алды. Еліміздің Бас шыршасына арнайы шақыртумен келген балалар Елбасы Нұрсұлтан Назар¬баевтың құттықтауын тыңдады.
Президент құттықтауынан соң об¬лыс әкімі Архимед Мұхамбетов құт¬тық¬тау сөз сөйледі. Архимед Бегежан¬ұлы Президент шыршасына жиналған балалардың әрқайсысына Елбасы атынан сыйлық таратты. Әр сыйлықта жылы сырт киім, бас киім, етік, спорттық киімдер, кеңсе тауарлары салынған рюкзак, тәтті тағамдар бар.
Атыраудан – Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Бұл күнді, яғни, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа жылдық құттық¬тауын атыраулық балалар да асыға то¬сады. Жаңа жылдық шыршаға қатысуға шақыру алған 200 баланың көңілі ала¬бұртып, Атыраудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қақ ортасына қойылған жасыл шырша жанындағы шаттық басталғанша дегбірі қалма¬ғанын байқадық.
Бұл жолы Президенттік шыршаға мұнайлы өңірдің жеті ауданының әр¬қайсысынан 10 баладан шақырылса, Атырау қаласының кішкентай тұрғын¬да¬рына көбірек шақыру беріліпті. Балалардың барлығы да мәз-мейрам, араларында Аяз Атаны күтуге әзірлігін пысықтау үстінде жүргені көп. Бірі жаттаған тақпақтарын қайта-қайта қай¬талап әлек. Енді бірі би ырғағына беріліп жүр.
Алдымен ортаға баршамен қоштасу үшін Қоян шықты. Оның ізін ала Ұлу шығып, баршаға бақ-береке тіледі. Ал¬тын Адам да Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен қол жеткізген табыстарының алдағы кезеңде де жалғасуына тілекші екенін жеткізді. Ақ таяғын таянып, ақ сақалы желбіреп Аяз Ата ортаға шы¬ғып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда, үлкен залды балалардың қуанышты у-шуы кернеді. Осы сәтте қабырғаға ілінген үлкен экраннан Елбасы Нұрсұлтан На¬зарбаевтың Қазақстанның барлық бал¬дырғандарына арнаған Жаңа жыл¬дық құттықтауы басталды. Елбасы бала¬ларды Жаңа жылмен құттықтап, білімді болуға, ғылымды меңгеруге сәттілік тіледі.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов Елбасы атынан Жаңа жылдық шырша мерекесіне жиналған балаларға жылы киімдерді тарту етті. Ортаға алып тәтті торт та әкелінді. Ал қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балалар Аяз Атамен бірге шыршаны айнала дөңгеленіп билей жөнелді.
Қостанайдан – Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Жангелдин ауданында тұратын Жақан Думан Президент шыршасына дайын¬дал¬ғалы қашан. Осы шыршаға бара¬ты¬нын естігенде қуанып, сабаққа да бар ықыласын бөліп, «бестіктер» алып жүрді. Анасы қоянның киімін тігіп берді. Ақ қар, көк мұзда 8 сағат жүріп, сонау шал¬ғай¬дағы Жангелдин ауданынан Қос¬та¬най¬ға да жетті. Облыс орталығындағы «Ақ шаңырақ» мей¬рам¬ха¬насына балалар об¬лыс¬тың барлық аудандары мен қала¬ларынан жина¬лып¬ты. Мейрамхананың іші ертегідегідей безендірілген. Экранда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балаларды жаңа 2012 жылмен құттықтап, олардың денсаулығының мықты болып, жақсы оқуына тілек білдірді.
– Елбасының атынан алған сыйлы¬ғы¬ма керемет қуандым, – дейді кішкентай Жақан.
Балаларды мұнан кейін облыс әкімі Сергей Кулагин келе жатқан Жаңа жыл¬мен құттықтады. Облыс басшысы жас ұрпақ үшін елімізде көптеген игілікті жұмыстар атқарылып жатқанына тоқ¬тал¬ды. Қазақстанның патриоты болып өсуі үшін оларға жақсы оқып, ұстаз¬да¬ры¬ның ақыл-кеңесін бұлжытпай орын¬дауы керектігін айтты. Балаларға бақыт тіледі.
Президент шыршасына облыстың барлық өңірінен 150 бала қатысты. Алыс аудандар мен ауылдардағы көп балалы, әлеуметтік аз қорғалған от¬ба¬сынан шыққан және жетім балалар шырша қызығын, Аяз Ата мен Ақ¬ша¬қардың келуін және кішкентай өнер¬паз¬дардың концертін тамашалады, оларға Елбасы атынан берілген сыйлықтарын таратты.
Қарағандыдан – Айқын НЕСІПБАЙ.
Жаңа жыл мерекесі, әсіресе, балалар үшін үлкен қуаныш. Теміртаудағы ең зәулім әрі кең ғимарат – Мәдениет үйінде бас қосқан қаланың 200-ге тарта жеткіншегі жүздері бал-бұл жайнап, өмірлеріндегі шаттық шақты бірге қар¬сы алып тұрғандарына мерейлері та¬сып, ұмытылмас әсерге бөленді. Бұған дейін бір-бірін білмейтін әр мектептердегі оқу озаттары, көп балалы және әлеу¬меттік жағдайы әлсіз отбасылар өрендері, мүгедек жасөспірімдер мұ-ның алдында шаһардың әдемі орын¬да¬рын, өлкетану-тарихи мұражайын аралау кезінде танысып-табысып, бауыр¬лас¬қан болатын. Әсем көріктен¬діріл¬ген, биік, сәулелері жарқыраған Президент шыршасы алдында әр этнос ұландары қол ұстасып, дөңгелене ән мен биге қосылды. Елбасының өзде¬ріндей барша қазақстандық заман¬дас¬тарына арналған құттықтау сөзі көңілдерін өсірді.
Қуаныштарына ортақтасуға, бөлісу¬ге келген облыс әкімі Серік Ахметов 2012 жыл бәріне бақыт пен шаттық, ата-аналарына береке мен табыс әкелуін тіледі. Мемлекетіміздің ертеңгі өркендеуін жалғастыратын өскелең ұрпақ ретінде терең білім, саналы тәр¬бие сіңіру арқылы ерен істерге лайық¬ты үлес қосатындықтарына, Елбасы¬ның аялы қамқорлығын ақтай алатын¬дықтарына сенім білдірді.
Президент шыршасы кездесуіне жи¬нал¬ған балалар қуанышын бәріне бірдей сыйланған тарту-таралғылар одан сайын жарастырды.
Өскеменнен – Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Жаңа жылдық Президент шырша¬сына Кенді Алтайдың аудандары мен қалаларынан 200-ге тарта бала келді. Оның ішінде 41-і жетім балалар, 80-і тұрмысы аз қамтылған отбасылардың балалары, ал қалғандары оқуда озат шәкірттер.
Денсаулық сақтау кешенінің кең залындағы сахна төрінде Жаңа жылдық шырша жарқырап тұр. Бір уақытта сахнаға Жамбыл атындағы қазақ драма театрының әртістері шығып, Айдаһар, Тазша бала, Тарихшы әже келе жатқан Жаңа жылдың ерекшеліктері жайлы қызықты етіп айтып берді. Балалар би билеп, ән салды. Елбасы Н. Назарбаев теледидардан өз құттықтауын жолдады.
Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Думанғазы Арғынғазиннің айтуынша, Елбасының сәлемдемесі – 50 мың теңгенің қысқы киімдері сыйға тартылды. Біз Риддер қаласындағы Гагарин атындағы мектеп-интернаттың ұстазы Әлия Жанбатыровамен тілдескенімізде, олардың Президент шыршасына көңілдері толатынын тілге тиек етті. Ата-анасы жоқ балалар көркейген, жаңа ғимараттар салынып жатқан Өскеменді аралап, театрда болды.
Қызылордадан – Cерік ПІРНАЗАР, журналист
(арнайы «Егемен Қазақстан» үшін).
Кеше Қызылорда қаласында да Президент шыршасының шамы жағылды. Ол Сыр бойы бас қаласындағы № 264 мектеп-лицейде сағат 11-де шапағын шашты. Мұнда да Елбасы Жаңа жыл¬дық шыршасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал¬ды. Негізгі мазмұны «Тәуелсіздік – алтын бесік» тақырыбы аясына астаса өткізілген салтанатты шараға облыс¬тағы 9-13 жас аралығындағы оқу озат¬та¬рының арасынан жетім, ата-ана қам¬қорлығынан қағыс қалған, аз қамта¬ма¬сыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балалар қатысты.
Негізінен шара сегіз бөлімнен тұр¬ды. Ол театрландырылған көрініспен өрнек¬телді. Мұнда бәрі де болды. Балалар ертегілер еліне де саяхат жасады, қазіргі заманның тамашаларына да қа¬нықты. Соның төртінші бөлімінде бала¬лардың шақыруы бойынша Аяз Ата мен Ақ-шақар ортаға шығып, думан көрігін қыз¬дырды. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов осы сәтте сиқырлы таяқшаның көмегімен шырша шырағын тұтатты. Бұдан соң балақайлар Елба¬сы¬ның интерактивті құттықтауын ден қоя тыңдады.
Мұның соңын ала аймақ басшысы да қатысушыларды Жаңа жылмен құт¬тықтап, балаларға сыйлықтар тап¬сыр¬ды. Барлық балалар ноутбук, кітаптар мен тәтті сыйлықтарға ие болып, қуа¬нышқа бөленді. Содан кейін балаларды суретке түсіру рәсімі болды. Балалар облыс әкімімен, келген қонақтармен, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп шаттанды. Тойдың соңы мерекелік дас¬тарқанға және музыкалық бағдарламаға ұласты.
Көкшетаудан – Бақберген АМАЛБЕК.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалардың Жаңа жылдық шырша тойы әдеттегідей ең үлкен ғимарат – «Көкшетау» мәдениет сарайында өткізілді. «Тәуелсіздік – алтын бесік» атауындағы мерекеге барлық 16 ауданнан, қалалардан жастүлектер қатысты. Олардың арасында 7 балалар үйінен, 4 облыстық арнайы мектеп-интернат¬ы¬нан, балалар мен жасөспірімдерді оңал¬ту және әлеуметтік бейімдеу орталы¬ғынан, санаторийлік мектеп-интер¬на¬тынан облыстық мүгедек балалар ассо¬циациясынан, көпбалалы отбасылардан өкілдер бар. Жалпы, 9-13 жас ара¬лы-ғындағы 200 бала шақырылыпты.
Екі күнге созылған алақай тойдың алғашқы күнінде Көкшетау қаласының көрнекті жерлерін аралаған балалар жаңадан салынған «Бурабай» спорт кешенінде, мұзды қалашықта болды. Кешкі мерекелік ас мәзірінен дәм татқан балғындарға арнап №3 облыс-тық дарынды балалар мектеп-интер¬натының күшімен қызықты концерт қойылды.
Асыға күткен шырша тойы да басталды. Сарайда оларды ертегілер және мультфильмдер кейіпкерлері қар¬сы алды. Ертегілер әлемінің құша¬ғын¬дағы балалар көп ұзамай театрланды¬рыл¬ған көріністер қаҺарманына айна¬лып кеткенін де байқамай қалғандай. Оларды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен экран арқылы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Ел¬басы атынан шырша думанына шақырылған балалардың бәріне ноутбуктер мен тәтті сауғалар табыстады.
Оралдан – Темір ҚҰСАЙЫН.
Жүрдек пойыз Қазақстан қалала¬рына аялдап, одан соң жүрісін қайтадан үдете түседі. Соңғы бекет – Астана. Елорданың мың құбылған оттары самаладай жарқырап көрінгендей болады. Бүлдіршіндерді мұнда Бас қаланың Бас сәулетшісі үлкен мейіріммен, аталық жүрекпен қарсы алып, Жаңа жылдары¬мен құттықтап, көкіректеріне менмұн¬да-лаған арман шырағын жаққандай. Бас сәулетші деп отырғанымыз – Ел¬ба¬сы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан На¬зар¬баевтың өзі екені Президент шыр¬шасына жиналған балалардың қуа¬нышын одан әрі көбейте түскендей.
Бір қарағанда, олардың кешегі ертегідей көрген әлемі шындыққа айналып, өте қысқа уақытта әсем елорда бой түзепті. Ертегі емес, шындық қой бұл. Биыл Ақжайықта Президент шырша¬сын ұйымдастырушылар оған қаты¬су¬шы¬ларға осындай тың да тосын театр¬ландырылған сценарий үлгісін ұсынды. Тағы бір ерекшелік – биыл облыс орталығына, Президент шыршасына қа¬тысуға келген балдырғандар өткен жылдармен салыстырғанда көбірек көрінді. Иә, түйсігіміз алдамапты. Олар¬дың қатарына биыл 50 бүлдіршін қосылыпты. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың перзенттері, оқу үздіктері өз өнерлерін ортаға салды.
Олардың қай-қайсысы да Пре¬зи¬денттің арнайы жолдаған сый-сия¬патынан тыс қалған жоқ. Елбасының жарқын жүзі экраннан көрінген кезде балалар ешкімнің нұсқауынсыз ду қол шапалақтап Нұрсұлтан Әбішұлының өздеріне жолдаған құттықтауына ықы¬лас¬тана құлақ түрді.
Павлодардан – Фарида БЫҚАЙ.
Жыл сайын желтоқсан айының соңында Елбасы атынан Жаңа жылдық шыршаны өткізу дәстүрге айналғаны белгілі. Жаңа жыл келер алдында өздерін Елбасы құттықтайтын Жаңа жылдық шырша мерекесі болатынын балалардың бәрі де біледі. Биыл да солай, облыс орталығындағы «Астана» мұз айдыны сарайында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Жаңа жылдық шырша өткізілді. Жалпы, бұл мереке жетім балаларға, мүгедек балаларға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға, сондай-ақ 9-13 жасқа дейінгі еліміздің үздік оқушы¬ларына арналып өткізіледі. Жуықта облыстың 150 баласы республикалық Жаңа жылдық шыршаға қатысып қайт¬ты. Ал кеше облыстың қалалары мен ауылдарынан келген 150 бала Жаңа жылдық әсем шырша мерекесіне қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен теледидар арқылы балаларға құттықтау жолдады. Әр балаға спорт костюмдері, кітаптар, мектепке ар¬налған құралдары бар сөмке, тәттілер толы мерекелік қораптар берілді. Балалар көңілді, әндер шырқап, шыршаны айнала ойындар ойнап, билер биледі. Тәуелсіздік, Отан туралы тақпақтар айтты. Тереңкөлдегі балалар үйінен 8 бала келді. Мұнда тәрбиеленіп жатқан өзге этнос өкілдерінің балалары қазақ тілінде ән айтып, тақпақтар оқып берді. Басқа да балалар үйлерінің тәр¬биеленушілері өз өнерлерімен көзге түсті.
Бұдан кейін Шәкен Айманов атындағы кинотеатрда 3 «D» пішінінде «Смешарики» кинофильмі көрсетілді.
Петропавлдан – Өмір ЕСҚАЛИ.
Президенттің Жаңа жылдық шыр¬ша¬сы Погодин атындағы орыс драма театрында аталып өтті. Оған қатысу құрметіне ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 200 бала ие болды.
«Тәуелсіздік – алтын бесігіміз» деген тақырыпта өткен жиынды тама¬ша¬лаушылар Елбасы Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың Жаңа жылдық құттықтауын ерекше ынтамен тыңдағаннан кейін бал кешін қызықтауға кірісті. Ертегілер еліне саяхаттап, неше түрлі оқиғаларды бас¬тан кешті. Сәттілікке жеткендеріне қуанысты. Балалардың қуанышына облыс әкімі Серік Біләлов те ортақ¬та¬сып, игі тілегін жеткізді. Президенттің жаңа жылдық сыйлықтарын салтанатты жағдайда табыстады.
Карнавалдық костюмдер конкурсы қорытындыланып, Шөптікөл коррек¬ция¬лық мектеп-интернатының 5 сынып оқушысы Данияр Исмаилов гран-приді ұтып алды. Айыртау аудандық және облыстық жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Нафиса Иванова мен Софья Писалева бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.
Тараздан – Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
Президенттің Жамбыл өңіріндегі Жаңа жылдық шыршасына облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласынан 200 бала қатысты. Олардың 58-і көп балалы, 99-ы аз қамтамасыз етілген отбасылардан болса, 22 бала жетім, ал 21 бала ата-аналарының қамқорлы¬ғын¬сыз қалыпты. Ата-аналары мүгедек бүлдіршіндер де бар.
Бірақ бұған қарап бейкүнә сәбилерді бақытсыз деуге болмайды. Өйткені, олар Отан-анасы барда өмірден өгейлік көрмек емес. Сондықтан болар, бала¬лардың Жаңа жылдық мерекесін бар мәзірімен көңілді өткізу үшін жергілікті бюджеттен 13 миллион 362 мың 200 теңге бөлініпті. Осындай қамқор¬лық¬тың арқасында Президент шырша¬сы¬ның таңғажайыптарын тамашалауға келген балалардың әрқайсысына 60 мың 300 теңге көлеміндегі сыйлықтар тапсырылды. Олардың ішінде бала¬лардың шолақ тоны, спорттық бас киім мен аяқ киімдер, түрлі оқу құралдары салынған сөмке, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер бар.
Президент шыршасына алыстан кө¬ңілдері алабұртып жеткен балалар өз¬деріне арналған мәдени бағдар¬ла¬маларды тамашалап, «Еуразия» ойын-сауық орталығындағы ойындарға қатысты. Облыстық драма театрдың әртістері дайындаған қойылымды қызықтады. Сондай-ақ, өлкетану музейіндегі тарихи жәдігерлермен танысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта серуен құрды.
Талдықорғаннан – Күмісжан БАЙЖАН.
Елбасының Жаңа жылдық шырша¬сы¬на жер-жерден әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған отбасы¬ларын¬дағы озат оқушылар қатысты. Биік, әрі әсем безендірілген шырша салтанаты Б. Римова атындағы драма театр әртіс¬тері¬нің мерекелік бағдарламасымен бас-талды.
Мемлекет басшысының балаларға арнаған ақжарқын тілегі кең экраннан тамашаланды. Осы қуанышты сәтті елі¬міздің түпкір-түпкіріндегі Жаңа жыл¬дық шыршаны тамашалағандар бір мезетте тыңдауға мүмкіндік алғаны бір ғанибет.
Елбасының құттықтауынан кейін облыс әкімі Анзар Мұсаханов дәл қазір Елбасының өздеріңе деген ыстық лебізін тыңдап, мерейлендіңдер, деді. Қай кезде де бізге Тәуелсіздіктен асқан ба¬қыт жоқ. Сендер еркін елдің ұланы¬сыңдар. Демек, еліміздің келешегіне үлес қосатын азамат болуларың керек. Елбасының өздеріңнің оқып, білім алуларыңа жасаған қамқорлығы зор. Бәсекеге қабілетті білім алып, тәрбиелі азамат болыңдар.
Балаларға Елбасының атынан облыс басшысы қыстық киім, Жаңа жылдық базарлық таратты. Балалар мұндай жақ¬сылыққа алғыс айтып, үміттерін ақтайтынын жеткізді.
Аяз Ата мен Ақшақар да келді. Аяз Ата жасыл шырша жанындағы думанды қыздырып, Жаңа жыл – Ұлу ортаға шақырылды. Ұлу жылы тек жақсылық болатынын жеткізді. Ән айтылып, би биленіп, базарлыққа кенелгендер әннен шашу шашты.
Спорт кешенінде бұдан соң Елбасы шыршасын Талдықорған қаласындағы озат оқушылар жалғастырып әкетті. Базарлық алғандар «Елбасына алғыс айтамыз, оқуда озат, тәуелсіз елдің нұрлы болашағына үлес қосамыз» деген көңіл-күймен мереке шырайын кіргізді.
Шымкенттен – Бақтияр ТАЙЖАН.
Балалардың Жаңа жылдық тама¬ша¬сы – Президент шыршасына арналған салтанат еліміздегі бір партияның облыстық филиалында өтті. Ортада – шырша. Облыс әкімі Асқар Мыр¬зах¬метов бір бүлдіршінді көтеріп барып, шырағданын жақты. Содан кейін-ақ Жаңа жыл қызығы басталып кеткен. Аяз Ата, Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер кең залды думанға бөледі.
Үлкен экраннан Елбасының құттық¬тауы тыңдалды. Дарынды балаларға сыйлықтар тапсырылды.
– Сіздердің білімді, биік парасатты азамат болып өсіп, әлемде бәсекеге қабілетті болып жетілулеріңізге мемлекет көптеген игіліктер атқаруда, –деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. – Облысымызда еліміз тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде 225 мектептің құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Облыста 2005 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 117 болса, 2011 жылы қорытындысымен жалпы 88425 баланы қамтитын 904 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде. Мемлекет алдында тұрған ауқымды міндеттерді алдағы уақытта жүзеге асыру жас ұрпаққа жүктеліп, үлкен үміт артылып отыр. Сондықтан да жақсы оқып, бәсекеге қабілетті болу үшін терең білім алыңыздар. Тәуелсіздікті қастерлей білетін, өз Отанын жанындай сүйетін еліміздің нағыз патриоты болып өсіңіздер.
Біздің жасампаз елімізге еңсесі биік, өресі кең, дені сау, кемелденген ақыл-ойлы, парасатты жастар қажет. Сіздердің әрқайсыңыздың осындай азамат болатындарыңызға сенімім мол, деді облыс басшысы сөзінің түйінінде.