Жаңалықтар
Жаңаөзендегі жағдай Үкімет назарында
Сәрсенбі, 21 Желтоқсан, 2011
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Жаңаөзендегі жағдайға арналған Үкімет отырысы өтті. Отырыс барысында Жаңаөзендегі жағдайды жедел шешу үшін құрылған комиссияның есебі тікелей байланыс арқылы тыңдалды.
Алдымен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жаңаөзен оқи¬ға¬сы кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына Үкімет және өз атынан көңіл айтты. Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасына сәй¬кес, Үкімет қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасы¬ла¬рына көмек көрсететіндігін жеткізді.
Қазір Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет – тәр¬тіп¬сіздіктің салдарынан орын ал-ған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық проблемаларды тез арада шешу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ең алдымен, қаланың күнделікті өмірін қал¬пына келтіру, бүлінген және қираған нысандарды тез арада жөндеп, іске қосу, көпшілік тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің, дәрі-дәрмектің тап¬шы¬лығын болдырмауымыз керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін, жарық, жылу, телефон байланысы қыз¬метін қалпына келтіруіміз керек. Медициналық мекемелерде құралдар мен дәрі-дәр¬мек жеткілікті болуы керек. Мек¬тептер мен балабақшалар айрықша бақылауға алынуы тиіс, деп тапсырма берді Үкі¬мет басшысы.
Елбасы тапсырмасы бойынша құрылған үкіметтік комиссия келтірілген шығынның көлемін анықтап, жағдайды тұрақтан¬ды¬ру үшін іс-шаралар қабылдап жатыр. Оны Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шө¬кеев басқаруда. Оның жұмысы кешенді, ашық және жариялы болады, деді Кәрім Мәсімов. Жаңаөзенде жұмыс істеп жатқан комиссия Астанамен тікелей бай¬ланысқа шығып, өздері жүргізіп жатқан іс-шаралардың есебін берді.
Елбасы және Қауіпсіздік Ке¬ңесінің шешімімен 17 желтоқ¬саннан бері Үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Үш күн ішінде біршама жұмыстар атқарылды. Комиссия 7 топ бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, онда төтенше жағдайлар, нысандарды қалпына келтіру, әлеуметтік қам¬тамасыз ету, азық-түлікпен қам¬тамасыз ету, халықты ақпарат¬тан-дыру, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі топтар бар. Бүгінгі күні Жаңаөзендегі ахуал біртіндеп қалпына келіп жатыр дей аламын. Қалада жергілікті тұр¬ғын¬¬дарды азық-түлікпен қамта¬ма¬сыз ету, алғашқы жәрдем көр¬сету дәрі-дәрмектері мәселесі ше¬шілген. Маңызды әлеуметтік нысандар мен сауда нүктелері қа¬лыпты жұмыс істеуде. Азық-түлікке тапшылық, баға өсімі байқалмайды. Облыс әкімдігіне Каспий ӘКК-мен, «Қаз¬Мұ¬най¬Газ» компаниясымен біріге оты¬рып, әр апта сайын азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру тап-сы¬рылды. Бұл істер комиссияның бақылауында болады. Маңғыстау облысы тұрғындарын азық-тү¬лікпен қамтамасыз етуді жедел шешу мақсатында Ауыл шаруବшы¬лығы министрлігі мен «Қаз¬Агродан» 570 млн.теңге бөлінді. Өткен аптада қалада телефон байланысы болмаған еді, енді желі толықтай қалпына келтірілді. Банк жүйесін қалпына келтіру ту¬ралы айтатын болсақ, еңбек¬ақы, стипендия және басқа әлеу¬меттік төлемдерді төлеуге байла¬нысты қолма-қол қаржы жеткілікті. Тіркелген 12 банктің 10-ы қайта жұмысына кірісті. Барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жағдайында. Тұрғын-дарды сумен қамтамасыз ету, газ, жылу жүйелері жұмыс жасап тұр. Қо¬ғамдық көлік, такси де бұ¬рынғыша қалпына түсті, деді ол. Сонымен қатар, Жаңаөзен қала¬сында жағдайға байланысты мектеп оқушы¬лары¬на демалысты 5 күнге созу туралы шешім қабыл¬данды. Біз бұл күндері түсіндіру жұ¬мыстарын жүргі¬зе¬міз. 5 күн¬нен кейін оқу қайта жалғасады, деді Өмірзақ Шөкеев.
Комиссия есебі бойынша бү¬лінген ғимараттарға алдын-ала зерттеулер жүргізіліпті. Қираған нысандардың жалпы саны – 41, оның 5-і әкімшілік ғимараты. Олардың қалпына келтірілуі үшін 770 млн.теңгедей қаражат қажет. Ал «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың 3 нысанына 1 млрд.тең¬генің шығыны келсе, 29 коммер¬циялық нысан мен банктерге алдын-ала есептеулер бойынша 250 млн. теңге, сонымен қатар 2 тұрғын үйге 3 млн. теңгеден астам шығын келген. Жалпы ал¬ғанда, аталмыш нысандардың толықтай қалпына келуі үшін 1,9 млрд. теңгедей қаражат керек. Алдағы аптаның ішінде құрылыс ұйымдары жұмысты бастап кете алады. Алайда Үкіметтік комиссия жергілікті компаниялармен және мердігерлермен шығынға бөлінетін қаржыны күтпей өз есебінен жөндеу жұмыстарын бас-тай беру жөнінде келісті. Со¬нымен қатар «Өзенмұнайгаз» өн¬дірістік филиалының жұмысы қайта жандана бастады. Өнді¬ріс¬тік нысандар мен жұмысшы¬лар¬дың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Нәтижесінде жұмысшы¬лар¬дың 80 пайызы жұмысқа шықты. Ал кеше бұл көрсеткіш 37 пайызды көрсеткен болатын. Комиссия төрағасының айтуынша, ереуілге шыққан мұнайшы¬лар¬мен кездесу барысында олардың басым көпшілігі бұзақылықтар мен адам өліміне апарып соқ¬қан¬дардың ісін айыптайтындық¬тарын жеткізген.
«Өзенмұнайгаз» бен «Қара¬жамбасмұнайдың» жұмыстан шы¬¬ғарылған жұмысшыларының проб¬лемасы да қарастырылуда. Жұ¬мыстан шығарылған мұнай¬шы¬лар¬ға республиканың ірі кәсіп¬орындарында, негізінен кен өн¬діру және мұнай-газ салаларында жұмыстар ұсынылады және жал¬ақылары олардың бұрынғы жал¬ақыларының 80-90 пайызын құ-райтын болады, деді Ө.Шөкеев. Сондай-ақ, олар келісім берген жағдайда, олардың қоныс аудару шығындарын өтеу және қажетті баспанамен қамтамасыз ету мә¬селелері шешіледі. Бұл бағыт¬та «Жұмыспен қамту-2020» тетігін қолдануға болады. Жоспар бары-сымен танысқан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметтік комиссия жетекшісіне жұмыстан босаған мұнайшылардың аты-жөндері жазылған тізімді дайын¬дау жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге, К.Мәсімов ең алдымен жұмыстан шығып қалған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін қарастыруды нығыздай тапсырды.
Ал Төтенше жағдайлар министрі В.Божко Жаңаөзендегі бірінші кезектегі қажеттіліктерге қар¬жы бөлу керектігі туралы ай¬тып өтті. Қаржы қалалық әкім¬дікке, облыс әкімдігіне, қаланы жинастыруға, көліктік шығын¬дарға, жанар-жағармай сатып алуға және мемлекеттік орган¬дар¬ды қамтамасыз етуге қажет, деді ол. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қалаға коменданттық сағат енгізілуіне байланысты қауіпсіздік жағдайы тұрақты екен¬дігін жеткізді. Ал Байланыс және ақпарат министрі А.Жұ¬мағалиевке Үкімет басшысы Жаңа-өзенде атқарылып жатқан барлық жұмыстардың ашық¬ты¬ғы мен БАҚ-қа қолжетімділіктің қамтамасыз етілуге тиіс негізгі мәселелер қатарына жататын¬дығын, сондықтан қоғамда түрлі пікірлер тумас үшін осы мәсе¬ледегі ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет отырысы қорытын¬дысында Жаңаөзендегі тәртіп¬сіздіктің салдарын жою мақ-сатындағы шаралар жоспарын қарастыратын қаулы бекітілді. Сонымен қатар, бастапқы қажет¬тіліктерге 1 млрд. 200 млн. теңгеден астам қаржы бөлінетін болды.
Жаңаөзендегі тәртіпсіздік салдарын жою бойынша бар¬лық шешімдер белгіленген мерзімде атқарылуы тиіс. Бұл бірінші мәселе. Құқық қорғау саласындағы тұрақтылық қам¬тамасыз етілу керек. Біз барлық жедел шараларды шешетін боламыз. Оқиғаның негізгі түп-тамыры неден бастал¬ғандығы нақты тексерулерді қажет етеді. Осы тұрғыдағы тиісті жұмыстар өз басшылы¬ғыммен жүргізіліп, Мемлекет басшысының қарауына ұсы¬нылады. Бұл шаралар бола¬шақта Жаңаөзенде, еліміздің басқа да өңірлерінде қайталан¬бас үшін қабылданады, деді Премьер-Министр. Өз сөзін Қа¬зақстандағы тұрақтылықты ны¬ғай¬ту керектігі жөнінде сабақтай келіп, Жаңаөзендегі жағдай бар¬шамыз үшін үлкен сабақ екендігін, одан тиісті қоры¬тынды шығару қажеттігін қадай айтты.
Венера ТҮГЕЛБАЙ