№ 09 (201)
қыркүйек, 2026г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді

06.08.2026

Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті. Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы. Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі 2 жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5-30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.

«Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған. Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Сурет: Көлік министрлігі