№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қуаты мол құс фабрикасы

20.06.2024

Макинск құс фабрикасы жыл басынан бері құны 18,6 миллиард теңге болатын 18,7 мың тонна құс етін өндірді. Өнім ел ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей тұтынушыларына ұсынылып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін­дегі қайта өңделген өнім үлесін көбейту, оның көле­мін 70 пайызға дейін жеткізу жөнін­дегі тапсырмасын орындау бағы­тын­дағы жұмыс өрістеп жатыр. Әсі­ресе терең өңдеуді дамыту қол­ға алынған. Осы арада кәсіп­орын­ның өсіп-өркендеу жолдары тура­лы айта кетуге болады.

Макинск қаласының іргесінде елімізде теңдесі жоқ құс фабрикасы салынатыны туралы хабарды ел қуанышпен қабылдаған еді. Ірі инвестициялық жоба бәсекелестікті дамытып, отандық азық-түлік өнімдерін молайтуды мақсат тұтты. Ең бастысы, өнеркәсіпті даңғыл жолға түсіруге әжептәуір әсер етті. Жергілікті бюджетке мол қаражат құйылған соң әлеу­меттік-тұрмыстық саланың да шы­райы кіріп сала берді. Нақты айтқанда, ауқымды жоба сә­тімен сабақталғаннан кейін Макинск қаласындағы жұмыс­сыз­дық көп қысқарды. Тіпті жұмыс қо­лы жетпеуге айналды. Ком­му­нал­дық саланың тамырына қан жү­гі­ріп, жаңа тұрғын үйлер бой көтер­ді. Қуатты кәсіп­орын өз жұ­мыс­­­шы­­­ларымен бірге қала тұр­ғын­­д­ары­­ның да мұң-мұқтажына жеткіл­ікті көңіл бөліп, көмек қолын созу арқылы халықтың алғысына бөленді.

Құс фабрикасының құрылысы 2015 жылы бас­тал­ған болатын. Инвестициялық жобаның құны 45,6 миллиард теңгені құраған. Мыңға жуық адам жұ­мысқа орналасты. Шағын қала үшін бұл өте үлкен көрсеткіш еді. Жаңа жұмыс орындары көптеп ашыл­д­ы, тұрақты еңбекақы мөлшері де арта түсті. Ел үмітінің отын тұтатқан құс фабрикасы 2018 жылы пайдалануға беріліп, бірінші кезекте жылына 25 мың тонна құс етін шығаратын мүмкіндікпен жұ­мыс істеді. Фабрикада бір-бірімен құрамдасып, та­мыр­лана байланысып жатқан бірнеше өндірістік ны­сан бар. Таратып айтатын болсақ, инкубатор, төрт бройлер алаңы, жиырмаға жуық құс қоралары. Осы­­лардың барлығы тұтас бір кешенді құрайды. Құс етін өңдейтін зауыт та осында. Тағы бір аса ма­ңыз­­ды цех – құс азығын дайындаумен айналысады. Жер­гілікті өлшеммен есептегенде 227 366,88 шаршы метр алаңды алып жатқан фабриканың мүмкіндігі мол.

Жобаға қатысушылар – отандық және шетелдік инвесторлар. Әдепкі бастамашысы – «Aitas KZ» акционерлік қоғамы. Қажетті қаржының жартысына жуығын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазына Капитал менеджмент» АҚ бөлген. Кәсіпорын еліміздегі құс шаруашылығын дамыту бағытындағы ең көп қаржы салынған ірі жоба санатында. 2020 жылдың екінші жартысында жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылғаннан кейін құс етін өндіру көлемі жағынан Орта Азиядағы ең ірі кәсіпорынға айналды.

Тиімді тұсы аз емес. Өз өнімімізді молайтып, шетелдік осы тектес өнім көлемінің қысқаруына айтарлықтай ықпал етті. Осыдан төрт жыл бұрын импорт 50 пайызды құраса, екінші жоба іске қосылғаннан кейін 30 пайызға дейін азайды. Алғашқы бетте фабриканың сапалы өнімі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарына, Астана қаласының сауда сөрелеріне шығарылды. Тұтынушылар тарапынан оң бағасын алып, сөреде жатып қалмайтын азыққа айналды. Аталған аймақтардағы құс етіне деген жалпы сұраныстың 60 пайызын қамтитын деңгейге жетті. Фабрика биоқауіпсіздік пен өндірістің экологиялық талаптарын сақтау мақсатында инкубациялық өндіріс, құс сою, ет-сүйек ұнын өндіру кезеңдерінде жоғары технологиялық энергия үнемдейтін жабдықтарды пайдалана бастады. Түйіндей айтқанда, өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы және ет өңдеу саласындағы бірқатар кәсіпорынды біріктіріп отыр. Қуатты жоба Астананың азық-түлік белдеуіндегі құс етінің молаюына да септігін тигізеді. Қазір астаналық тұтынушылардың сұранысын өтеп тұр.

Ең бастысы, табиғатқа тигізер залалы жоқ. Жоба қолға алынарда мамандар бұл мәселені егжей-тегжей зерттеп, жан-жақты ойластырған. Екінші кезектегі қуаты қолға алынғаннан кейін фабрика құс етін өндіру, өңдеу көлемі жағынан Орталық Азиядағы көшбасшы кәсіпорынға айналып шыға келді. Негізгі өнім – салқындатылған бройлер тауығының еті. Елдің ішкі нарығындағы сұранысты өтеу үшін әр жыл сайын өнім көлемін молайтып келеді. «Aitas» компаниялар тобының стратегиялық жоспарына сәйкес, өткен жылы құс фабрикасының өндірістік қуаты жаңа бір деңгейге көтерілді. Жылына 100 мың тонна сапалы құс етін өндіру межеленген болатын. Мақсатқа қол жеткізу үшін 100 миллион доллар көлемінде инвестиция құйылып, фабрика мүмкіндігі арта түсті.

Кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі туралы да айта кетуге болар. Мәселен, әрбір жаңа оқу жылы қарсаңында өз жұмысшыларының балаларына көмек көрсетеді. Оқу жылы аяқталған кезде де әрбір оқушыға демалуға, денсаулықтарын түзетуге қаражат бөлінеді. «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында жүзден аса жұмысшыға материалдық көмек көрсетілген.

Түйіндей айтқанда, құс фабрикасы шағын қаланың құтына айналды. Өзінің сапалы өнімдері арқылы халықтың дастарқанын тоғайтып отырған елеулі еңбекті атап кетсек, несі айып?

Ақмола облысы,

Бұланды ауданы