Жаңалықтар
«TOM: Almaty»: Жас өнертапқыштар инновацияларын ұсынды
Сәтбаев Университеті алаңында мейкатон «ТОМ: Almaty» жобасы аясында жасалған прототиптердің тұсаукесері өтті. Алматы, Көкшетау, Қарағанды және Шымкенттен келген жеті команда ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнап жасаған инновациялық әзірлемелерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Командалар ұсынған прототиптер тізімі:
- Мүгедектердің механикалық арбасына арналған велоқондырғы;
- Балаға арналған арнайы өлшемді жеке ортез;
- Балаға арналған арнайы өлшемді вертикализатор;
- Аяқты қалыпқа келтіруге арналған тренажер «NK-Motion simulators»;
- ДЦП диагнозы бар балаларға арналғангоризонталды скалодром;
- Тізе тамырларын жетілдіруге арналған тренажер;
- ДЦП диагнозы бар балалардың қол саусақтарының бүгілуін қалыпқа келтіретін қолғап.
Мейкатон – бұл таптырмайтын бірегей платформа, мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгеньөнертапқыштар 72 сағаттық үздіксіз жұмыс барысында ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін прототиптер жасайды. Жоба екі кезең нентұрады. Бірінші кезеңде өнертапқыштар прототип жасайтын адамдармен танысады. Олардың өлшемдерін алып, өзара байланыс орнатып, ішкі тілек-ниеттерін анықтайды.
24-27 мамыр аралығында өткен екінші кезеңде командалар прототип үлгілерін жасап, өміршеңдік қабілет беретін құрылғыларды іске қосып, қазылар алқасына ұсынды.
Мейкатон жеңімпаздары:
- 1-орын: ДЦП диагнозы бар балаларға арналғангоризонталды скалодром жасаған «Unimates»командасы.
- 2-орын: Балаға арналған арнайы өлшемді вертикализатор жасаған «НЕискусственныеинтеллекты» командасы.
- 3-орын: Балаға арналған арнайы өлшемді жеке ортез жасаған «Augmentation team» командасы.
Барлық жеңімпаз командалар Sulpak сауда белгісінің түрлі номинациядағы сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Ал қалған командалар Сәтбаев Университеті атынан сыйлық ретінде HP брендінің мониторлары мен принтерлерін алды.
«TOM: Almaty» мейкатон жобасы биыл он бесінші рет өткізіліп отыр. Бұл жобаның бірлескен ұйымдастырушысы және командаларға сараптамалық қолдау көрсеткен «ДОС Ортопедия» командасы да жобаға қосылды.
Фото: Сәтбаев Университеті