№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Ұлттық парк орман өрттеріне дайын емес - сенатор

26.10.2023

Сенатор Сергей Ершов еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі орманшылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат өңірлердегі жерлестермен кездесулер кезінде осы табиғи саябаққа барғанын және олардың жағдайы мемлекеттік органдардың шұғыл араласуын талап ететініне көз жеткізгенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, Мемлекет басшысының нақты тапсырмасына қарамастан, жағдай өзгерген жоқ, Кеңес дәуірінің деңгейінде қалды. Мысалы, 42 кордонға 1990 жылдары шығарылған 7 өрт сөндіру техникасы бар, небәрі 3 кордон ғана тозған радиобайланыспен қамтамасыз етілген. Қалғандарында ол да жоқ. Ал автомобиль паркінде «ПАЗ» үлгісіндегі бір ескі автобус, ГАЗ-51 жүк көлігі және Кеңес өкіметі кезіндегі өрт сөндіру машинасы ғана бар», деді сенатор.

Сергей Ершов сонымен қатар сапар қорытындысы бойынша Экология министрінің атына хат жібергенін атап өтті. Уәкілетті органның жауабына сүйене отырып, бүгінгі күні олар тек осы мәселелерді шешудің «мүмкіндігін қарастыруды» жоспарлағанын көруге болады.

Сенатор саябақ қызметкерлерінің жалақысы, олардың әлеуметтік және материалдық әл-ауқаты мәселелеріне қатысты бірқатар мәселеге назар аударды. Аталған фактілерге сүйене отырып, сенатор проблемаларды шешу үшін бірқатар шараны ұсынды.

«Кордондарды техникамен, байланыспен және электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ұлттық парк инспекторлары мен олардың отбасы мүшелері тұратын жаңа ғимараттарды салу және қазіргі ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру қажет. Ұлттық парктің техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек, ол бүгінгі күні 75 мың теңгені құрайды», деді ол.

Фото: ашық дереккөз