Жаңалықтар
«Жастар апталығы» басталды
Елімізде «Жастар апталығы» арнайы іс-шарасы басталды. Осыған сәйкес 7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңдарында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.
Іс-шаралар 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.Басты мақсат – жастарға арналған қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы атаулы күннің қоғамдық мәртебесін көтеру.
«Жастар апталығы» еліміздің әр өңірінде «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталды. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.