№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Жаңа фильм жарыққа шығады

19.07.2023

Алматыда Tiger Films продюс­ерлік компания­сының ке­зекті толықметражды фильмі­нің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа кар­ти­надағы басты рөлдерді елі­мізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның ал­ғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.

«Ұрлықшылар» деп ата­латын картинада қос жетімнің үлкен қаладағы өмір қиындықтары, шы­­­тырман оқиғалары су­рет­теледі. Tiger Films про­дюсерлік ком­па­ния­сының ұжымы Нью-Йорк кино­академиясының тү­легі Алёна Алмаздың отандық киноға қосар үле­сі мол екеніне сенімді.

«Мен қазақ кино­сына Ба­тыстың түсі­рі­лім технологиясын алып келгім келеді. Осы­лай­ша көрерменнің отан­дық киноға деген қызы­ғушылығын арттыруды көздеймін. Қазір Батыс фильмдеріне деген сұраныс жоғары. Тым болмаса таразының екі басын теңестіру де нә­тиже. Өйткені қазір жақ­сы отандық фильм­дер түсіріліп жатыр. Фильм Балалар үйін­­де тәрбиеленген Әмір мен Сана есімді кейіп­кер­лердің өміріне құ­­рылған. Олар аштық­пен күресу үшін ұрлық жасап өседі. Мектеп бі­тірген соң Әмір мен Сана бағалы заттарды жым­қыруға бет бұрады. Байлардан ұрлап алғанын мұқтаждарға таратып бе­реді. Жетімдер өмі­ріндегі шытырман оқиға осылай басталады», дейді режиссёр.

Фильмдегі экстремалды қи­мыл­дар­ды ак­терлердің өздері орындайды. Жаңа картина Kinopark & Kinoplexx ки­но­театр­ларынан 18 қаң­­тардан бастап көр­се­тіледі.

Коллажды жасаған Алмас МАНАП, «EQ»