№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстанда 2 градусқа дейін үсік жүреді

14.06.2023

«Қазгидромет» синоптиктері 15-17 маусым аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді. Ауа температурасы түнде 2-10 градусқа дейін төмендеп, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады», делінген хабарламада.