№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстанда ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жеңілдетілді

16.03.2023

Қазақстанда тауарларға ілеспе шот-фактуралар (ТНТ) бойынша міндеттемелер жеңілдетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс шеңберінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілген.

«2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы».

Осы бұйрықпен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап:

  • тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар (СЭҚ ТН – тоңазытқыштар, мұздатқыштар 11 коды) және мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері бойынша Виртуалды қойма қолдана отырып, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу;
  • Виртуалды қойма қолданбай, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың импортына/экспортына (барлық тауарлар бойынша) Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеттемелері көзделеді.

Осылайша, Қазақстан ішінде тауарларды сату кезінде ТІЖ тауарлардың тек 3 санаты бойынша рәсімделуі қажет. Басқа тауарлар бойынша ТІЖ және Виртуалды қойма қолдану ерікті негізде жүзеге асырылатыны айтылған.

«Енгізілген өзгерістер ҚР ішінде тауарларды өткізу кезінде ТІЖ міндеттемелері бойынша қамтуды 16 есеге (80 мың СТ-дан 5 мың СТ-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру (№370 бұйрық) және ЭШФ ақпараттық жүйесі «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесіндегі (№384 бұйрық) Қағидаға ілеспе түзетулер енгізілді», делінген хабарламада.