№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Шаруашылықты дамытуға мүмкіндік мол

22.02.2023

Жуырда Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында ірі сауда нысандарын аралап, нарықтағы баға тұрақтылығын бағамдады. Сонымен қатар бірқатар шаруа қожалығына барып, басшыларымен жүздесті. Облыс кәсіпкерлерімен кездесті. деп хабарлайды Egemen.kz

Алдымен министр «Север­ный» сауда-логистикалық орта­лығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Мұнда облыс шаруалары өздері өндірген өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен саудалады. Осы жерде айта кетейік, Абай облысы бойынша қаңтар айының ортасынан бері баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 140 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген. Серік Жұманғарин Семейдегі «Адал» дүкеніндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын да бағамдады. Мұндағы азық-түлік өнімдеріне қосылатын үстеме баға 5-10% маңайында. Бұл жерде әлеуметтік сөре де ұйымдастырылған. Ал қала іргесіндегі «Жоламан» көтерме сауда-тарату орталығының жұмы­сымен танысу барысында Серік Жұманғарин мұндағы жеміс-жидек, көкөніс қоймаларының жағдайымен танысты. Сауда орталығының 12 қоймасы бар. Барлығы да желдеткіш және тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған. Жалпы сыйымды­лығы 5 370 тонна болатын қойма­да көкөністерді 10 айға дейін сақтауға мүмкіндік бар.

Приречное ауылындағы «Агрофирма Приречное» ЖШС-на барған министр көкөністер сақталатын қоймаларды аралады. Агрофирма картоп пен көкөніс өсіруде негізінен голланд тех­ноло­гиясын қолданады. Мұнда жыл сайын 7 000-9000 тонна картоп, 1 800-2 000 тонна сәбіз, 2 000 тон­на қырыққабат, 2 000 тонна пияз және 600 тонна қызылша өсі­рі­­леді. Бұдан бөлек 18 000 тон­наға дейін мал азығы дақылын береді.  

Жалпы, облыста азық-түлік бағасы жіті бақылауға алын­ған. Абай облысы әкімдігінің бас­пасөз қызметінің дерегінше, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия құрылған. Жыл басынан бері облыстық комиссияның 12 отырысы өтті. Бүгінгі күні облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауар бағасын ұстап тұру бойынша 25 сауда желісімен және 15 тауар өндірушімен сауда үстемесін 15%-дан асырмау жөнінде меморандумдарға қол қойған. Сонымен қоса 1 245 сауда нүктесімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10%-ға дейінгі ең төменгі сауда үстемелерін қолдану туралы қосымша меморандумдар жасалды. Облыс бойынша бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Серік Жұманғариннің жұмыс сапары Бородулиха ауданындағы «Красный партизан» шаруа қожалығында жалғасты. Мұнда 2017 жылы 300 тонна, 2021 жылы 1 мың тонна астық кептіру кешені іске қосылған. Шаруашылықтың 12 мың гектар жайылымдық жері де бар. Премьер-министрдің орынбасары шаруа қожалығының басшысы Валерий Лопатинмен әңгімелесу кезінде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану жайын сөз етті. Ал «Лазарев и К» ЖШС-да шаруашылық басшысы Петр Лазарев Серік Жұманғаринге күнбағыс тұқымын өңдейтін экстракция желісін орнату жобасын таныстырды. Айтпақшы, мұнда Зеңгі баба тұқымын асылдандыру тәжірибесі сәтті жүргізіліп жатыр. Қазақтың ақбас тұқымын гере­фордпен қосқан. Алынған тұқым­дар аязға төзімді болып келеді. Кез­десуде Петр Лазарев жайы­лым­дық жер жетпей жатқанын айтты.

«Жерді қайтарғанда ең алдымен ауылдық округтерге беру керек. Биыл 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарда бар. Жерді бөлудің қажеті жоқ. Мал жайылатын жер болуы үшін оны осындай шаруашылықтарға беру қажет», деп атап өтті бұл мәселе төңірегінде Серік Жұманғарин.

Одан әрі Премьер-министрдің орынбасары «Е.Зәйтенов» шаруа қожалығында болып, егін шару­ашылығымен, сүтті мал шаруа­шылығымен және ауыл шар­уа­шылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа қожалығы­ның жұмысымен танысты. Ша­руашылықта күнбағыс, жаздық бидай, арпа, сүрлемдік жүгері, көпжылдық шөптер өсіріледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісі де жұмыс істейді. Кәсіпорын сүзбе өнімдері мен ірімшіктер де өндіреді. Министр ірімшік цехына ерекше мән берді. «Кәсіпорынды, ірімшік цехын кеңейту қажет. Сүзбе, ірімшіктерді, әсіресе, қатты сорттарды терең өңдеу керек. Қазақстанда ірімшік өндіретіндерді саусақпен санауға болады. Сондықтан өндірісті кеңейткен жөн», деді.

Жұмыс сапары аясында С.Жұман­ғарин Абай облысы­ның кәсіпкерлері мен ауыл шаруа­шылығы тауарларын өндіруші­лерімен де кездесті. Кездесуде мал шаруа­шылығы өнімдерінің экспор­ты, субсидия, ауыл шаруа­шы­лығы техникасын алу, банктер­ден несие алуда шаруалар мүлкінің төмен бағалануы, өнімдерді тасымалдау сияқты мәселелер көтерілді.