№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Селекция және тұқым шаруашылығы саласын дамыту жоспар әзірленуде

18.01.2023

АСТАНА. ҚазАқпарат – Селекция және тұқым шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарының (күріш, мақта) санын қысқарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, 2023 жылға арналған егіс алаңдарының болжамды құрылымы қалыптастырылды. Мәселен, жалпы егіс алаңы 23 млн гектардан асады, онда тұқым себу жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тұқым шаруашылығының аттестатталған 16 субъектісі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сапалы мақта тұқымымен қамтамасыз етеді. Оның ішінде: 1 оригинатор, 2 элиталық тұқым шаруашылығы, 10 бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілер. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мақтаның 16 сорты енгізілді. Оның ішінде: 12 отандық, 3 шетелдік, 1 бірлескен селекция», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта тәжірибелік шаруашылықтар базасында бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде жабдықты жаңарту және аграрлық ғылымды ынталандыру жөніндегі тапсырманы орындау үшін Селекция және тұқым шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде. Кешенді жоспар Қазақстанның селекциясы мен тұқым шаруашылығының барлық кезеңдерінде орын алатын жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды енгізуді көздейді.

«Селекциялық мекемелерді, тәжірибелік шаруашылықтар мен тұқым өндірушілерді техникалық қайта жарақтандыруға және өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуге ықпал ететін іс-шараларға ерекше назар аударылды. Биылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Тыңайтқыштарға қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58 мың тоннаға артық. Осы көлемнің шамамен 442 мың тоннасы өндірісін отандық зауыттар жүзеге асыратын тыңайтқыштардың 2 негізгі түріне (аммиак селитрасы және аммофос) тиесілі. Сондықтан диқандарды отандық тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз ету үшін аталған қажеттілік өндірушілерге нақты жеткізу кестелерін қалыптастыру үшін жіберілді және диқандардың өтінімдеріне сәйкес өңірлерді тыңайтқыштармен толық қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді Премьер-Министр.