№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстан теннис құрамасы United Cup командалық турниріне қатысып жатыр

30.12.2022

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан теннис құрамасы Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирінде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар алғашқы матчын Швейцария құрамасымен өткізуде.

Бүгін еліміздің бірінші ракеткасы, команда капитаны Александр Бублик кортқа шығады. Ол Швейцарияның аса тәжірибелі ойыншысы Стэн Вавринкамен сынға түседі. Ойын шамамен Астана уақытымен 13.30-да басталады. Жібек Құламбаева әлемнің 35-ракеткасы Жиль Тайхманмен шеберлік байқасады. Ең соңғы бәсеке – аралас жұпта Александр Бублик пен Юлия Путинцева Стэн Вавринка – Белинда Бенчичпен ойнайды.

Жарыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін сәтсіз болды. Юлия Путинцева әлемнің 13-ракеткасы, Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке есе жіберді – 6:7(0:7), 3:6. Бірінші сетте қазақстанды теннисші 4:2 есебімен алда тұрды. Есеп 5:4 болған мезетте де екі сет-пойнтты пайдалана алмады. Екінші партияда да 2:0 есебімен алға шыққанымен, жеңіліс тапты.

 

Тимофей Скатов әлемнің 56-ракеткасы Марк-Андре Хуслерге тартысты матчта жол берді – 6:4, 3:6, 3:6.

Осылайша, Швейцария 2:0 есебімен алда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет өтетін United Cup турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісін жоғары бағалады.

 

Фото: ktf.kz