Жаңалықтар
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.