№ 09 (153)
қыркүйек, 2022г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Елордада діндер съезіне орай бірқатар мәдени шара өтеді

12.09.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне орай бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай мәдени шаралар өтеді.

12-16 қыркүйек күндері елордада «Ұлы дала сазы» атты этнофестиваль өтеді. Оны «Бәйтерек» монументі жанында бой көтерген этноауылда тамашалауға болады.

Бес күн бойы өтетін фестиваль сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Шараға келушілер киіз үйлерге кіріп, көшпенді халықтың мәдениетімен және тұрмысымен таныса алады. Фестивальдің концерттік бөлімі күн сайын 18:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

12-16 қыркүйек аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында көркемөнер көрмелерінің топтамасы ұсынылады.

Сонымен қатар Әлемдік діндер көшбасшылары съезінің қорытындысы бойынша бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік тілектері деген атаумен арт-инсталляция орнатылады.

13 қыркүйекте «Астана Опера» театрында «Бірлік алуантүрлілікте» атты концерт өтеді. Мәдени шара әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысушылардың құрметіне ұйымдастырылып отыр. Сахнада елімізге еңбегі сіңген әртістер, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, домбырашылар тобы және «Астана Балет» театрының әртістері өнер көрсетеді.

14 қыркүйек күні «Наз» мемлекеттік би театры «Жастар» театрында «Қазақ жәдігері» атты концерт ұсынады.

15 қыркүйек күні Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклін көруге болады.

16 қыркүйекте Астаналық цирк өз бағдарламасын ұсынады. Онда «Барыс» жылқылар акробатикалық ансамблі, Duo Love story гимнастары, акробаттар, эквилибристер, үйретілген ит клоундар және балет әртістері өнер көрсетеді.

Осы күні кешкі сағат 19:00-да Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Күләш Байсейітоваға арналған «Бұлбұл» атты концерт өтеді.

16-17 қыркүйек күндері «Астана Опера» театрында Борис Асафьевтің «Бахчисарайский фонтан» атты драмалық балеті сахналанады.

17 қыркүйек күні «Қазақконцерт» залында «Ханс Циммер» атты концерт жоспарланып отыр.

https://www.inform.kz/