№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Елордада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

26.08.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада кептеліс көп болатын кезеңдерден тыс уақытта көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада Bus Lane бойынша жол қозғалысының барлық қатысушыларына қарбалас сағаттардан тыс уақытта жүруге рұқсат беру мәселесі қарастырылуда. Бірақ мұнымен бірге автобустарды күту уақыты едәуір артатынын ескеру қажет. Бүгін елорданың 27 көше учаскесінде жалпы ұзындығы 72,4 шақырым болатын Bus Lane іске қосылған. Bus Lane арқылы қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25 пайызға артты және жол жүру уақыты 10 минутқа қысқарды», - деп мәлімдеді CTS өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін елордаға тағы 100 электроавтобус жеткізілетінін хабарлап едік.

https://www.inform.kz/