№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстан паспортын Түркияда 30 күн ішінде ресімдеуге болады

03.06.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Түркия аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба ҚР Сыртқы және Ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатыр және Қазақстанның Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы шетелдік мекемелеріне жүгінген Қазақстан азаматтарына паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктері (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.

https://lenta.inform.kz/