№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Білім министрлігі 9, 11-сынып оқушыларының емтихан тапсыру тәртібін түсіндірді

24.05.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев 9, 11 сынып оқушылары қай күндері емтихан тапсыратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 сынып оқушыларына емтихан 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Сондықтан олар 6 маусымда емтихандарын тапсырып бітуі тиіс. Енді нақты пәндерге тоқталсам, 9 сыныптар оқыту тілі, яғни қазақ және орыс тілдерінен емтихан тапсырады. Онда эссе жазады. Ол 28 мамыр күні болады. 31 мамыр күні алгебрадан жазбаша емтихан тапсырады. Ал 3 маусым күні орыс тілі қазақ мектебінде, қазақ тілі орыс мектебінде жазбаша өтеді. 6 маусым күнгі соңғы емтихан таңдаған пәні бойынша ұйымдастырылады. Онда оқушы қай пәнді таңдаса сол пәннен жазбаша емтихан тапсырады», - деді ол министрліктің Instagram парақшасында өткен онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 11 сынып оқушылары, яғни мектеп түлектері 27 мамыр мен 10 маусым аралығында емтихан тапсырады.

«Оларда бірінші емтихан 27 мамырда алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша, екінші емтихан 30 мамырда оқыту тілінде жазбаша өтеді. 2 маусым күні Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсырады. 7 маусымда орыс тілі қазақ мектебінде, қазақ тілі орыс мектебінде жазбаша болады. Соңғы емтихан 10 маусым күні таңдаған пәнінен тапсырады», - деді Жомарт Қарамбаев.

https://lenta.inform.kz/