Жаңалықтар
Қор нарығында доллар тағы 4 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысында доллар бағамы 3, 98 теңгеге арзандады. 1 доллар 441, 64 теңге болды.
Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 443,15 теңге, сатып алу – 446, 25 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 440,44 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 444, 50 теңге.