№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Бастауыш сыныпқа арналған пәндердің мазмұны қайта қаралып жатыр

22.04.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бастауыш сыныпқа арналған академиялық пәндердің мазмұны қайта қаралып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта білім беру мазмұнын еңбек нарығының талаптарына, педагогика және психология саласындағы жаңалықтарға сәйкестендіру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы бастауыш сынып оқушыларының психоэмоционалдық жағдайын ескере отырып, академиялық пәндердің мазмұнын қайта қарау, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлау, оқушылардың дербестігін, әлеуметтік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, инклюзивті білім берудің қолжетімділігін арттыру мәселелерін пысықтайды», - деді Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары жалпы еліміздің рухани құндылықтарын сақтау және оларды мектеп бағдарламасы, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дәріптеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартады.

https://lenta.inform.kz/