№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасын жалғастыруды бизнес қауымдастық ұсынды – министрлік

18.04.2022

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі «7-20-25» бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін деген ақпарат туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ-та ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың «7-20-25» бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін екенін айтқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ведомствоның баспасөз қызметі осы ақпарттың мән-жайы туралы сауалымызға жауап жолдады.

«Ипотекалық бағдарламаны әрі қарай жалғастыру туралы ұсыныс бизнес қауымдастықтан түскен болатын. Ұлттық банктің дерегі бойынша, бүгінгі таңда резервте осы бағдарламаны іске асыруға арналған 500 млрд теңге бар.

Уәкілетті органның ұстанымы бойынша, ипотека нарығын мемлекеттік реттеуден кетіп, нарықтық жолмен дамытуға жол ашу қажет.

Оның үстіне қазіргі ахуалды, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның аяқталуы күтіліп отырғанын, біржолғы зейнетақы төлемдері мен нарықтық өнімдердің қысқарғанын ескеріп, балама шара ретінде ипотеканы субсидиялау мүмкіндіктерін енгізуді пысықтап жатырмыз», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Еске салсақ, Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының келешегі туралы түсініктеме берген болатын.

https://lenta.inform.kz/