№ 03 (171)
наурыз, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

15.04.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с ұлғаяды.

Күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жылдамдығы15-20 м/с құрайды.

https://lenta.inform.kz/