№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Еліміздегі өңірлік ЖОО-ларға «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды

11.03.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өңірлік университеттерге «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық ЖОО-ның құрылымын өзгерту өзекті мәселенің бірі. Санаулы жоғары оқу орнын ғана сонымен қатар мәдениет, ғылым және өнер ұйымдарына «ұлттық» мәртебесін енгізу принциптері де маңызды. Бізде тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ғана бірнеше университетке ұлттық мәртебесі берілген. Сонда басқа өңірлердегі ЖОО ұлтқа қызмет етіп жатқан па? Осы орайда бірқатар өңірлік жоғары оқу орындарына «ұлттық» мәртебесін беруді ұсынамын», - деді Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректоры Ерлан Сыдықов републикалық ректорлар кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, ұлттық мәртебеге ие өңірлік университеттердің саны жеткілікті.

«Аталған мәртебе өңірлерде жоғары білім берудің жаңа локомативтерін қалыптастыруға қарқын береді. Бұл бүкіл жоғары білім берудің мүддесіне сай деп ойлаймын. Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан тұжырымдамасындағы басты принциптердің бірі. Яғни мықты орталық, мықты өңір», - дейді ол.

Бұған дейін университет басшысы Қазақстанда 5 қыркүйекті студенттер күні етіп бекіту идеясын ұсынған еді.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикалық ректорлар кеңесінің отырысы өтті.

https://lenta.inform.kz/