№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

«Мың бала» олимпиадасы: БҚО оқушылары республика бойынша көшбасшылар қатарында

04.03.2022

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының оқушылары екі жыл қатарынан «Мың бала» олимпиадасында жақсы нәтижелерге қол жеткізді, бұл жөнінен олар республика бойынша көшбасшылар қатарында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың өңірлік коммуникациялар қыземеті алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Мың бала» олимпиадасының мақсаты – ауылдық жердегі оқушылардың қабілет-қарымын дамыту үшін барынша жағдай жасау.

-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялаған биылғы жылы шалғай ауылдардан келген оқушыларды қолдау өзекті бола түсті, - деді басқарма басшысының орынбасары.

З.Ғұмарованың сөзіне қарағанда, 2020 жылы облыстан олимпиаданың бастапқы сатысына 9 496 оқушы қатысып, соның 200-і екінші кезеңге өтті. 92 шәкірт, соның ішінде 5-сыныптан 49, 6-сыныптан 43 оқушы жеңімпаз атанды. 6- сыныптан озып шыққандардың 31-і республикалық физика- математика, облыстық мамандандырылған дарынды

балаларға арналған мектептерде және Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алуда. Қалған 12 финалист Елбасы академиясы жанындағы «Birge oku» онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болды.

Сол секілді 2021 жылы 4 964 оқушының 213-і екінші кезеңге өтіп, 51-і жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде 6-сынып бойынша үздік атанған 29 шәкірт дарынды балаларға арналған мектептерде оқып жүр.

«Жалпы, еліміз бойынша екі жыл ішінде олимпиадаға ауыл мектептерінен 445 мыңнан астам оқушы қатысып, 4 320 білім ордасы қамтылды. 638 оқушы жетекші мектептерде тегін оқуға мүмкіндік алды. 6 100 шәкірт онлайн мектепте оқиды. Биыл да ауыл мектептері оқушыларының олимпиадаға қатысуы үшін барлық жағдай жасалып отыр», деді З.Ғұмарова.

Брифингіде «Дарын» қосымша білім орталығының директоры Гүлсін Дүйсенғалиеваның толықтырғанындай, олимпиадаға қатысу үшін 1000bala.elbasyacademy.kz

сайтында тіркелу қажет. Тіркеу 19 ақпаннан 20 наурызға дейін жүргізіледі.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. 4-8 сәуір аралығында таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тестілеуден өту керек.

Тестілеу екі бөлімнен тұрады: «Логикалық ойлау» және «Кеңістіктік ойлау». Тестілеу 40 сұрақтан тұрады, шамамен 60 минутты алады.

Тестілеуден смартфоннан, планшеттен немесе интернет желісіне қосылған компьютерден өтуге болады. Сондай-ақ, қатысушылар тестілеуден өз мектептерінде немесе «Дарын» орталықтарында өте алады.

Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтеді.

«Олимпиаданың екінші кезеңі 27-29 сәуір аралығында өтеді.

Тестілеу «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында өтеді (Оралда Абай даңғылы, 103 ғимарат «Аквариум» сауда үйі). Оқушылардың компьютерлік тестілеу өткізілетін орындарға келуі міндетті. Бұл кезеңде қатысушылар келесі пәндер бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді: математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушыларға арналған қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану. Тестілеу 100 сұрақтан тұрады және 150 минутқа созылады. Өткен жылдың жеңімпаздары да бақ сынай алады, оларға бірден тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы беріледі. Оқушыларға дайындалу үшін бірінші және екінші кезең тапсырмаларының үлгісі дайындалды, оларды 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында

жүктеп алуға болады. Апелляция көзделмеген. Олимпиадаға қатысу тегін. Егер олимпиадаға қатысу үшін ақшалай қаражат ұсынғанға немесе алып жатқанына куә болсаңыз, бұл туралы 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша хабарласуға болады, қоңырау шалу тегін. Осы нөмір бойынша сіз жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қоңырау шалып, жауап ала аласыз», деді Г.Дүйсенғалиева.

https://lenta.inform.kz/